Сергектік туралы қазақша реферат
Адам организмінің әрекеттік қалпының бірі – сергектік, ол ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.
Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске қосады. Мұқтаждық мотивациялық сүлбілерге сәйкес мінезін ұйымдастырып, қоршаған ортамен белсенді түрде өзара әрекеттеседі.
Сергектік біртекті жағдай емес. А.М. Вейн сергектікті мінез белсенділігінің деңгейіне, ықыластың шоғырланысына, вегетативтік белсенділікке қарай үш әрекеттік қалыпқа бөледі – ынталы сергектік, әлсіреген сергектік, шын сергектік. Ұйқвнвң алдында болғандықтан, сергектік кезіндегі дене мен ой істерінің толықтығы, зорлану, әсіресе эмоциялық түрткілердің көлемі ұйқыға зор әсер етеді.
Ұйқыдан сергектікке көшу организмдегі биохимиялық өзгерістер арқылы болады. Әрі қоршаған ортаның тітіркендіргіштер ықпалынан немесе ми қыртысы, гипоталамус пен торлы құрылым арасындағы әрекеттік қатынастың өзгеруінен туады.
Сергектік қалпын талдағыштар мен қимыл-әрекеттер белсенділігінің артуымен сипатталады. Ол организмнің сыртқы және ішкі ортасының көптеген түрткілерінің салдарынан белгілі бір уақытқа созылады.
Адамда сергектік кезінде әртүрлі психикалық іс-әрекет – байсалды сергектік, зейін, белсенді қимыл, мақсатты іс-әрекетті қамтамасыз ететін эмоциялық қозу немесе әлсіреу байқалады. Осы құбылыстың әрқайсысы орталық жүйке жүйсінің нақтылы әрекеттік қалпымен байланысты болады.
Белсенділіктің елеулі айырмашылығы бар екі түрін бөледі. Біріншісіне жүйенің қызметінен туатын бағдарламалық әсерленісті жатқызады. Екіншісі — әрекеттік қалыптың ауытқуларын қамтамасыз етуші және баяу әсерді реттеуші жүйенің жұмысына байланысты. Қысқа мерзімді белсенділік процестері әрекеттік қалыптың баяу өзгерістері бедерінде күшейіп кетеді. Оған ұйқы, байсалды сергектік, қырағы назар, стресс әртүрлі әсер етеді.