СЕН─СИМОН туралы қазақша реферат
Сен-Симон Анри (1760–1825), граф, француз ойшылы, әлеуметтанушы, әлеуметтанушы -утопист. К.А. де Сен−Симон үшін прогресс − табиғаттың әмбебап заңы: ол адамдарды еркінен тыс басқарады. Қоғамдағы алға жылжудың негізі − ғылыми білім, техникалық жетістіктер, индустрия саласындағы адамдардың ақыл−ойынан бастау алады.
Сен−Симонның пайымдауынша, қоғам өзінің прогресивті дамуында әскери түрден өнеркәсіптік түрге ауысады. Қоғам тарихында еңбек нысандары прогресивті жолмен: құлдықтан−басыбайлылыққа, одан кейін еркін еңбекке және ең соңында − қоғамдастыққа ауысып жатады. Ғылымға негізделген жаңа қоғам мен жаңа мораль, біріншіден еңбек сүйгіштік принципін, еңбектің міндеттілігі мен әркімнің еңбек ету мүмкіндігін, екіншіден − бауырмал болу және бір−біріне көмектесу принципін ұстанады. «Жаңа христиандықтың» бұл принциптері қазіргі адамзат жақындап келе жатқан қоғамдық прогрестің шыңы болып табылады. Сондықтан Сен−Симон «Осы уақытқа дейін көрсоқыр уағыз өтіп кетті деп келген алтын ғасыр әлі алдымызда» деген оптимистік болжам жасайды. Әлеуметтік заңдардың, оның ішінде прогресс заңының болатынына деген сенім әлеуметтанудың осынау жаршысының ғылыми және реформаторлық ізденістерінің басты қайнар көзі болды.
Сен−Симон дүниетанымында социалистік және әлеуметтанушылық нысанының бір мезгілде қалыптасуын қоғам идеясымен біріктіреді. Әлеуметтанушылық дүниетанымды ол ерекше бір қуатты механизм немесе организм, бірақ қоғам туралы жаңа ғылым негізінде күрделі талдаудан өткізу қажет болатын әлеуметтік реализм рухында түсінді. 1813 ж. ол былай деп жазады: «…Қоғам дегеніміз іс−әрекетінде ешқандай түпкі мақсат жоқ, себеп−салдары жекелеген адамдардың зорлық−зомбылығы ғана болатын, бірден−бір нәтижесі − өткінші және мардымсыз кездейсоқ оқиғалар болып келетін тіршілік иелерінің жәй ғана шоғырлануы емес. Керісінше, қоғам дегеніңіз ең алдымен, барлық бөлшектерді тұтас нәрсенің қозғалуына барынша жәрдемдесетін керемет қуатты машина. Адамдардың бірігуі үлкен бір организмді құрайды, оның мықтылығы немесе әлсіздігі органдарының тапсырылған қызметін қаншалықты мінсіз орындауына байланысты».
К.А. де Сен−Симонның мектебінде «әлеуметтік қозғалыс», «социализм» және «әлеуметтану» ұғымдары қалыптасты. Оның 1825 жылы негізгі еңбегі « Новое христианство» жарық көрді. Сен-Симон 19 мамыр 1825 жылы Парижде қайтыс болды.
Өмірінің соңғы жылдары өзінің пікірлестерімен бірге – «Производитель» журналын шығаруды жоспарлаған, кейіннен ол сен-симонистік қозғалысқа айналды. Сен-Симонның шәкірттері оның идеяларын асихаттады, «Учение Сен-Симона» (Doctrine de Saint-Simon) тақырыбымен лекцияларын басып шығарды.