Саудадағы кәсіпорын экономикасы курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе…..3
1. Қазақстандағы нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын…..5
1.1. Кәсіпорын жұмысындағы инвестициялар…..7
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі…..11
2. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі…..14
2.1. Кәсіпорынның экспорттық және импорттық саясатының ерекшеліктері……16
3. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты…..18
Қорытынды……24
Қолданылған әдебиеттер…..26

Кіріспе.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қармағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.

Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек.

Кәсіпорын өндіріс жинақталған қосындысы өзімен-өзі бойынша, бытыраңқылы әсер етуде емес: олар өзара тығыз байланысты болып, ал бұлар өзара белгілі экономикалық категорияда өрнектеліп, заң мен заңдылық, тәжірибелік ғылыми негізде маңызы бар оқытылатын «Кәсіпорын экономикасы» болып саналады.

Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты – әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Өндірістік кәсіпорындар өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік бірлігімен сипатталады.

Экономикалық бірлік – саудадағы кәсіпорынның алдында қойылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда: сатылған өнім көлемінің сапасының бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғарғы табыстылық деңгейіне т.с.с жетіуін көздейді.

Сонымен әрбір кәсіпорынды ең алдымен өндірістік, экономикалық бірлік ретімен қатар әлеуметтік бірлік ретінде қарастырамыз.

Бұл тұрғыдан кәсіпорынды белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мүдделер арқылы бір-бірімен байланысқан ұжым ретінде қарастырып, оның негізгі мақсаты – тұтынушылардың материалды және рухани талаптарын өтеуге арналған табысқа жету.

Нарықтық экономика жағдайында фирма деген ұғым жиі қолданылады. Фирма дегеніміз – заңды құқығы бар дербес шаруашылық ұйымы, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар мүмкіндігінше барлық одақтар (ассоциациялар, бірлестіктер). Егер фирма бір кәсіпорыннан құралса, онда фирма мен кәсіпорынды экономикалық қызметтің бір объектісі ретінде қарастыруға болады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру —  «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік қызметтердың заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өндірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мол жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

 Курстық жұмыс / 28 бет