1. Прокурор жазбаша түрде:
2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге;
3) айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға;
4) Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге;
5) шетелдiктердi әкiмшiлiк тәртiппен аластау үшiн ұстауға;
5-1) бейне, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;
5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;
5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға;
6) тiкелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келiсiм) бередi.
2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға санкция берудi немесе оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн лауазымды адамның қаулысына қарар түрiнде немесе өзге жазбаша нысанда жиырма төрт сағаттың iшiнде ресiмдейдi.
3. Адамның және азаматтың бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру және өзге қызмет мәселелерi жөнiндегi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына келiсiм бередi.