Сана дегеніміз — объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Біз субъективтік бейне жайында әңгіме еткенде, оны шындықтың бұрмаланған бейнесі деп түсінбейміз, қайта қандай да бір идеалдық, яғни К. Марке атап көрсеткендей, адам басында өңделген, езгертілген материялық деп қараймыз. Адам санасындағы зат — бейне, ал реалды зат — оның бастапқы нұсқасы. Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. «Сана емір сүретін тәсіл, — деп жазды К. Маркс, — және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол — білім … Сана бірдеңені қаншалық білсе, бірдеңе де сана үшін соншалық пайда болады» . Демек, адамның объективтік дүниеге деген танымдық қатынасынсыз сананың болуы мүмкін емес. Сонымен бірге біз сана туралы айтқанда, ең алдымен оның рухани қызмет ретіндегі, сапа жағынан материалдық заттан өзгеше идеалдық құбылыс ретіндегі сипатын ескеріп айтамыз. Таным — сананың қоршаған дүниені бейнелендіруге бағытталған қызметі.Адамның кез келген психикасы саналы емес. Психика ұғымы сана ұғымынан әлдеқайда кең. Психика жануарларда да бар, бірақ оларда сана жоқ. Психикалық өмір дүниеге жаңа келген нәрестеге де тән, бірақ оңда елі сана жоқ. Адам ұйықтап жатқан кезде ғажайып картиналарды кереді, бұл — психикалық құбылыс, бірақ бұл сана емес. Тіпті адамның ояу күйіндегі писхикалық процестерінің де барлығы бірдей саналы әрекет бола бермейді. Адам көшемен келе жатып, бір нерсе жөнінде ойланады, ал дәл осы кезде ол толып жатқан құбылыстар тізбегін көреді, бірақ оларды мүлдем немесе мүлдем дерлік саналы түрде түсінбейді, толып жатқан адамдар мен машиналар ағынының ішінде ойланып жатпай-ақ, әйтеуір жол тауып жүреді. Демек, өмір адамнан саналы мінез-құлық формаларын ғана талап етпейді, сондай-ақ ұдайы ойланып-толғануды қажет етпейтін жерлерде санасыз мінез-құлық формаларын да талап етеді, Санасыз мінез-құлық формалары заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы хабарларды ойланбай-ақ есепке алуға негізделген. Санасыз ерекеттердің өрісі мейлінше кең. Ол санадан тыс өтіп жататын түйсіктерді, қабыл- дауларды,елестетулерді женесондай-ақ инстинкгтерді, дағдыларды, интуицияны, нұсқауды қамтиды.
Санасыз ерекет проблемасы әрдайым материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің майданы болып келді Қазіргі кезде санасыз ерекет туралы идеалистік ілімдердіћ ішіңце ең кең тарағандарының бірі австриялық психиатр Фрейдтің ілімі болып табылады. Ол санасыз ерекет сферасын жан-жақты зерттеп, адамның рухани денсаулығының бүзылуында оның алатын орны мен атқаратын ролін анықтады, кеселдерден арылту мақсатымен оған есер ету едістерін ойлап тапты. Бірақ Фрейд санаға жоғары энергиямен зарядталған инстинктті ерекеттердің жиынтығы ретінде қарап, сана санасыз әрекетпен анықталады деген қате пікір айтты. Фрейдтің пікірі бойынша, жеке адамның құрылымы, оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, сондай-ақ бүкіл адамзат медениеті, сайып келгенде, адамдардың туа біткен эмоциясымен, олардың инстинкгтерімен, ядросы жыныс инстинкті болып табылатан құштарлықтарымен анықталады.
Марксизм адамньщ жан дњниесін тњсіндіруде биологиялық факторлардыћ ролін асыра бағалайтын бњл иррационалистік кезқарастарды теріске шығара отырып, жеке адамдағы жетекші бастама ақыл-ой, сана екенін далелдейді. Жануарларға қарағанда қалыпты адамда психиканыћ санада аћғарылған књйі басым болады.