Салықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ……..3

IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ……….4

1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі……4

1.1. Салықтық тексеруінің түрлері……..4

1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі……..6

1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы…….7

1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім……..8

2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ……11

2.1  Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері…………11

2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері…..11

2.3 Хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері……..13

2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15

3. «Қазақстан тЕмір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы……20

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ…….22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……23

ҚОСЫМШАЛАР…….25

         І КІРІСПЕ

Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап  отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салықтық тексеру мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.

Салық —  мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана  азаматтарды  белгiлi бiр көлемде  ақшалай  қаржыларды  беруге  мiндеттi.  Қазақстан  Республикасында  салықты  төлеу  мiндеттемелерi  азаматтардың  Конституциялық  мiндеттемелерiнiң  қатарына  жатады.  Осыған  байланысты  мемлекет  саяси  үкiмет  субъект  өкiлдiгiне  сүйене  отырып  әрекет  етедi.

Мемлекет  ақшалай  қаржыларды  түрлi  жолдармен  табады,  бiр  жағдайда  мемлекеттiк  зайымдар   iшкi  және  сыртқы  ретiнде  меншiк  иесiнiң  қаражатты  өз  еркiмен  беруге  негiзделетiн  әдiс  қолданылады,  ал  басқа  жағдайларда  ақшалай  қаражаттар  ерiксiз  өндiрiп  алу  жолымен  алынады.

Салықтар  мемлекеттiк  бюджетке  заңды  және  жеке  тұлғалардан  белгiлi  мөлшерде  мiндеттi  төлемдер  болып  табылады.

Салықтар  шаруашылық   жүргiзушi  субъектiлер мен  халық  табысының  қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен  қатар, шаруашылық жүргiзушi  субъектiлермен  халық  табысының  белгiлi  бiр  мөлшерiн  мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынас-тарын көрсетедi. Салықтар  мемлекеттiң  пайда  болуымен  бiрге  қалыптасады  және  мемлекеттiң  тiршiлiк  етiп  дамуының  негiзi  болып  табылады.

Қазақстан  Республикасы  бюджетiнiң  қалыптасуында   маңызды орынды  салық  түсiмдерi алады.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде Салықтық тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері онда:салық тексерулерін жүргізу тәртібі, салық тексеруін жүргізудің басталуыс салықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім, ал екінші бөлімінде: салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері: камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері, рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері қарастырылған.

курстық жұмыс / 25 бет