Салық төлеушілер мен салық қызмет органдары құқығы мен мінднттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады. Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенттің заң күші бар жарлығы « салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» .
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлері; Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің нормативтік актлері
Салық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалармен бөлімдерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлар және салық полициясы басқармасының бастығы Қазақстан Үкіметі тағайын даыды.
Салық қызметінің негізгі міндеттірі мыналар:
— салық заңдарының орындалуын қамтамассыз ету, оның тиімділігін зерделеу ;
— заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ;
— салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актлер өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері:
1. салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау;
2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу;
3. салықты есепту мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;
5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
6. мәліметтер құпиясын сақтау;
Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар:
1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың және басқа да құндылықтар есеп айырмаларын, деклорациямен бюджетке салықпен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
2. ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;
3. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;
4. өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдармен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланатын кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызмет органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберілген бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
5. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады;
6. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімдетөленбеген кезде салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық бакні мен оны бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуде ;
8. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операцияларды және шотындаға ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.
Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында олды заң қорғайды және Республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандыруға тиіс.
Салық төлеушілер өз тарпынан мынадай міндеттерді атқаруға тиіс:
1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу номерін алуға;
2. мемлекеттік салық комитетінің актлеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге осы есеп құжаттамалары 5 жыл бойы сақтауға;
3. бегіленгін мерзімге салық деклорациясын тапсыру;
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыралатын салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.
Салық төлеушінің құқығы :
Салық төлеушінің:
1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
2. жүргізілген тексерулер актлерімен танысуға;
3. салық органдарына салықтарды есепеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актлері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;
4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпаратпен құжаттарды тапсырмауға құқы бар.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан жақты және тиімді түрде сіке асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолдалынып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері бар.