Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі

Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі туралы қазақша реферат

Салық міндеттемесі мемлеқет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда  №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды,

алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан  Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық  төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздықнемесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді.

Казакстан Республикасындағы салыкқ заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.