Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:
- салық субъектісі
- салық объектісі
- салық көзі
- салық мөлшері
- салық жеңілдіктері
- салық ставкасы
- салық кезеңі
- салықты есептеу тәртібі
- салық есептілігі
- салықты төлеу тәртібі
- Салық субъектісі
Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:
- қызметкерлер — өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілігін жасайтын, сонымен бірге белгілі бір тұсім алатындар, яғни жеке тұлғалар:
- шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.
Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді: жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам. Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шет мемелекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.
2. Салық объектісі
Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.
Салық көзі. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және
қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.
Макроэкономикалық деңгейде салық төлеушінің негізгі көзі ретінде ұлттық табыс қатысады. Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:
- табыс;
- қор және жинақ;
- өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;
- қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
- қарыз қаражаттары.
Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, көсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға тұсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.
Салық төлеушінің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар;
- тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
- дивидендтер, рента;
- сыйақы, ұтыстар, роялти;
- жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері.
4. Салық мөлшері.
Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түскен үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.
5. Салық жеңілдіктері.
Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп, заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
- Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.
- Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.
- Салық базасы бойынша жеңілдіктер.
- Салық ставкасы бойыншажеңілдіктер.
- Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
- Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
- Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Проференциялар – үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпті немесе өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша жеңілдіктер.
6. Салық ставкасы.
7. Салық кезеңдері.
8. Салықты есептеу тәртібі.
Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:
- бірінші – салық салынатын объектісіне есепке алу
- Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу
- Үшінші – салық ставкаларын қолдану
- Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану
- Бесінші – салық сомасын есептеу
Салық есептілігі салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін емептеу туралы ақпараты бар құжаттама. Салық жіктелуі:
Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
- Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша тікелей және жанама салық;
- Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар:
- Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар:
- Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық:
- Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай республикалық және жергілікті салық:
- Пайдалану ретінде қарай – жалпы және мақсатты салықтар:
- Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар:
- Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары:
- Салықтардың қолдану қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар:
- Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызметақылы және қызметақысыз салықтар:
- Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салықтар:
- Салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар:
- Салықтардың төленуіне қарай тұрақты және біржолғы салықтар.