Жоспар
Кіріспе……3
I. Сақтандырудың экономикалық мәні……5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері…9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі……….12
II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау……15
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері…….-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау…..21
III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары…..24
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер……..-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары……26
Қорытынды…….29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……..31
Кіріспе
Соңғы кездері Қазақстанның саяси -экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан — алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі — ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады. Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді. Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған орай олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді. Біздің елімізде сақтандыру 90 жылдары дами бастап, сол жылдары сақтандыру компаниялары ашыла бастады. Бірақ өкінішке орай сол кезде олардың дамып кетуін тежеген — заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және курстық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан — жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып — көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- «ҚР сақтандыру нарығы: мәселелері мен даму болашағы» атты тақырыпты кешенді, әрі жан — жақты танып білу;
- Сақтандыру нарығы жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыру;
- Шетел сақтандыру нарығын мысалға келтіре отырып, оны бізге тәжірибе
жүзінде енгізуді көрсету; - Олардың түрін ажыратып, ұйымдасу принциптерін зерделеу;
- Сақтандыру нарығына талдау жасау;
- “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ өмірді сақтандыру компаниясының мысалында еліміздегі
сақтандырудың экономикалық маңызын көрсету; - Қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу сол
мәселереді болдырмау жөнінде іс — шараларды қарастыру.
Нарықтық экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Өйткені ол қоғамда немесе табиғатта болып жатқан олқылықтардың орнын толтырушы болып келеді. Сақтандырушы сақтанған адамға қысылған уақытында қол ұшын беріп, көмек көрсетеді. «Сақтансаң — құдай сені сақтар» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөзде құдай рөлін — сақтандырушы ойнайды. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты сақтандырушылық қатынас деп атаймыз.
Қоғамдық — экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдеріне байлансты, көптеген құбылыстарға байланысты бөлінеді. Ол құбылыстармен курстық жұмыстың бірінші бөлімінде танысуға болады.
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама -қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи — заттай запастар немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай — ақ азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.
Мұндай ақша — қаражаттары сақтандыру және резервтік қорлар түрінде құрылады.
Ал сақтандырудың түрлерімен және ұйымдасу принциптерімен курстық жұмыстың барысында танысуға болады. Сонымен қатар курстық жұмыста АҚШ мемлекетінің сақтандыру нарығы мысалға алынып, қарастырылған.
Екінші бөлімінде еліміздегі сақтандыру нарығына талдау жасалып, заңнамалық құжатымен танысуға болады. Қазақстанда жұмыс атқарып отырған “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ өмірді сақтандыру компаниясы мысалға алынып, оның экономикалық маңызы көрсетілген.
Ал үшінші бөлімде сақтандыру нарығындағы мәселелер және олардың шешу немесе болдырмау жолдары қарастырылған.
Курстық жұмыс / 35 бет