Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс туралы қазақша реферат

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс — әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін, өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы. Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікірінше, сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды. Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әлеуметтік-топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы.

Сайлаушылардың мінез-құлкын зерттеудің осы жолын, яғни әлеуметтік-психологиялық әдісті басшылыққа ала отырып, қазақстандық сайлаушылар өз таңдауларын қандай негізде жасайды? — деген сұраққа жауап іздеп керелік. Әлеуметтік-психологиялық әдіс өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің партиялық идентификациялауын көрсету құралы.

Демократиялық жүйе жағдайындағы электоралдық мінез-құлық сипатының маңызды анықтаушысы қатарында бірінші кезекте партиялық идентификация айтылады. Сайлаушының өзін-өзі белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы әр-түрлі формада көрінеді. Бірақ, барлық елдерде жағ-дай бірдей емес екенін айтуымыз керек. АҚШ-та партиялық идентификация саяси әлеуметтендірудің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Егер американдық зерттеушілер еңбегіне сүйенсек, белгілі бір партияны қолдау сезімі американдық балаларда жас кезінен қалыптастырылады.

Еуропада партиялық идентификация тұрақтылығы кай әлеуметтік топқа жататынына байланысты. Партиялық бағытты таңдауда әлеуметтік топтық сана мен топтық ынтымақтастық сезімі себепкер болады.

Қазақстанда партиялық қатысу жүйесі әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Сондықтан сайлаушылардың өздерін белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы туралы айту қиын. Себебі, сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулер нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?»- деген сұракка сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 32% «Ия» — деп жауап берген.

Жалпы Қазақстан азаматтарында нақты бір саяси партиямен өзін идентификациялау әлі де болса қалыптаспаған. Мұның бірден-бір себебі, біздің ойымызша, партиялық жүйенің дамуындағы ерекшеліктермен бай-ланысты. Қазақстан азаматтарының арасында жаңа партиялық құрылысты мойындамаушылық пен түсінбеушілік басым. Егер тарихымыз ортақ Ресей-мен салыстыратын болсақ, онда ресейлік сайлаушылардың (барлық жастағы топтарда) өздерінің партиялық идентификациялауын бірнеше рет өзгерткенін айтуымызға болады. Тіптен барлық партиялардан бас тартушьшық та бар. Бірақ Ресей Коммунистік партиясы басқа париялармен салыстырғанда өз сайлаушыларының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мұны 2003 ж. сайлаудан кейін жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижесі де дәлелдеп отыр. Мысалыға, респонденттердің» басым көпшілігі қай партияға дауыс беретінін сайлау науқанынан әлде кайда ерте анықтаған: 35% — «Единая Россия», 77% -«КПРФ», 50% — «ЛДПР», 14% — «Родина», 53% — «Яблоко», 39% — «СПС». Ал өз тандауларын сайлау күні тек респонденттердің 2-3 пайызы ғана анықтаған.

Қазіргі заманғы өзгерістер сайлаушьшар мінез-қүлқына ықпал етуші факторлар қатарын көбейтіп отыр. Сайлаушылар таңдауына ықпал етуші факторлар қатарында партиялық идентификациямен қатар тақырыптық бағдарды, үміткерге бағдарды және әкімгершілік күшті анықтауымызға болады.

Қазақстандық сайлаушылар арасында да мәселе мәнін түсінуде қиындықтар туындап отыр. Себебі, қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жағдайында қазіргі заманның мемлекеттік басқару жүйесін бағалау үшін арнайы білім, ақпаратты ой елегінен өткізу қабілеті, саяси өмір оқиғаларын әркезде назарда ұстап, оны оңтайлы процедуралар негізінде талдай алу керек. Бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдай қазақстандық сайлаушылардан шыдамдылықты, интеллектуалдық ізденісті талап етеді. Өкінішке орай, қазақстандық сайлаушылардың басым көпшілігіне бұл қасиеттер тән емес. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық, шетелдік қаржыландыру, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі сияқты және т.б. мәселелер сайлаушылар үшін түсініксіз болып қалып отыр. Бірақ саяси мақсатта (спекуляция) кеңінен қолданылуда. Сайлаушы мінез-құлқы құрылымын қалыптастырушы факторлар қатарында үміткерге бағдар ұстауды айтуымызға болады. Бұл факторды екіжақты қарастыруымызға болады. Бір жағынан, адамның саясаткердің істеген ісіне немесе болашақта істейтін ісіне қарап дауыс беруі. Екінші жағынан, саясаткерді құндылық тұрғысынан қабылдау. Мінеки, дәл осы бөлік саясаткердің жеке харизмасы ретінде анықталады. Харизма саясаткердің өмірбаянына, оның отбасылық өміріне, біліміне, ғылыми немесе спорттағы жетістіктеріне, сонымен бірге оның жеке сүйкімділігіне — келбеті, өзін-өзі ұстай алу, сөйлей алу қабілетіне байланысты.

Сайлаушы мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде қазақстандық тәжірибеге тән тағы бір бөлік — әкімгершілік күшті анықтауымызға бола-ды. Әкімгершілік ықпал әкімгершілік ресурс деп айқындалып жүр. Әкімгершілік ресурс — бұл сайлаушының өзінің саяси таңдауын жергілікті билік қолына беруге дайындығы, яғни сайлаушы таңдауын қалыптастыру.

Патерналистік бағыттағы азаматтар — дәл осы әкімгершілік ресурс кезі, негізі. Әрине бүл үрдіс екі жақтың өзара іс-әрекеті болуы керек. Сайлаушыларға әкімгершілік ықпал келесі жолдармен жүзеге асырылады:

1) Нақты кандидатқа дауыс беруге сендіру;

2) Сайлау науқаны кезінде жауапкершілікті кәсіпорын немесе жоғары оқу орындарының жетекшілеріне жүктеу;

3) Кімге дауыс беру қажеттігін айту арқылы көмектесу;

4) Дауыс беру нәтижелеріне заңсыз тәсілдермен ықпал ету.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 50-бабының 1 тармағына сәйкес: I. Тұлға:

1)  сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;

2)  дауыс беруге кедергі келтірген;

3) кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірген;

4)  дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірген;

5)  кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзінің лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;

6)  сайлау құжаттарын қолдан жасаған;

7)  дауыстарды көрінеу қате санаған;

8)  сайлау нәтижелерін керінеу қате айқындаған;

9)  дауыс беру құпиясын бұзған;

10)  Республика азаматының өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергі кел-тірген жағдайда, заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады».

Бірақ бұл заң бабы іс-жүзінде бұзылып, сақталмай отыр. Әкімгершілік ресурсты пайдалану Қазақстандық тәжірибе үшін жаңалық емес. Бұл мәселеде біз отаңцық зерттеуші М.С. Машанның «Сайлауды ұйымдастырудың, 1995 ж. саяси жүйедегі өзгерістерге байланысты, үшінші кезеңі басталды. Бұл сайлауды мемлекеттік аппаратқа сүйене отырып өткізу. Бұл кезеңнің ерекшелігі басқа технологиялармен салыстырғанда әкімгершілік ресурсты басымырақ пайдалануында»— деген пікірімен толығымен келісеміз. Тіптен бұл кеңестік дәуірдегі тәжірибені басқа фор-мада қалпына келтіру дер едік. Бүгінгі күні сайлау науқанында әкімгершілік ресурсты пайдалану тәжірибесі заң бабына қарамастан, одан әрі қарай кеңеюде. Мысалыға, 2004 ж. Парламент Мәжілісіне сайлаудағы саяси әкімгершілікті бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысқан респонценттердің 75,8% нақты бір партия немесе кандидат үшін дауыс бергізу мақсатында өздеріне жұмыс орындарында, оқу орындары мен түрғылықты жерлерінде қысымшылық жасалғанын көрсеткен [8]. Студенттерге, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының қызметкерлеріне басқа сала өкілдерімен салыстырғанда кебірек қысым көрсетілген. Сонымен бірге, сайлаушыларға қысымшылық көрсету келесі қалаларда Қызылордада — 43,5%, Оралда — 38,7%, Семейде -30,8% жоғары болған. Ал қысым көрсету тәсілдеріне келетін болсақ, олардың қатарында өтініш, әңгімелесу, келеңсіз салдарлары болу мүмкіндігін ескерту, жазалаумен қорқыту (жұмыстан шығару, жоғары оқу орнынан шығару) көрсетілген. Тіптен әкімгершілік күш пен сайлаушы арасындағы байланыста өзіндік лексика қалыптасты. «Егер оқудан шығып қалғың келмесе», «Қызмет орнын сақтағыңыз келсе», «Нақты бір кандидатты қолдау керек, себебі оны жоғарыдағылар қолдап отыр» деген сияқты талқылауға жатпайтын, қарсылықты қабылдамайтын, жауапты күтпейтін монолог.

Әрине сайлау науқанында әкімгершілік күшті кеңінен қолдану тек Қазақстанға ғана емес, басқа ТМД елдеріне де тән. Әлемдік тәжірибе де «күштеп дауыс беруге қатыстыру» әлі де болса Италия, Греция, Бельгия, Венесуэла сияқты елдерде сақталып отыр. Осы мақсатта негізінен әртүрлі моральдық және материалдық күштеу шаралары қолданылады. Мысалға, Италияда сайлауға себепсіз қатыспаушылық 5 жыл бойы сот органдарында тіркеледі, ал коммуна мэрлері себепсіз сайлауда дауыс беруден бас тартқандар тізімін көпшілік жерге іліп қояды. Бұл елдерде саяси қатысу көрсеткіштері өте жоғары. XX ғ. 1980 жж. сайлауда дауыс беру Грецияда — 87%, Бельгияда — 87%, Италияда — 93% құрады.

Бірақ, біздің ойымызша, сайлау науқанында әкімгершілік күштеуді қолдану кеңестік тәжірибені қайта қалпына келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан мұндай қысым керсетушілерге заңда көрсетілген жазалау шаралары нақты қолданулары қажет. Біз тек сонда ғана занды сыйлау, оны орындауға қол жеткіземіз. Бұл өз кезегінде құқықтык мемлекеттің негіздерін қалайды.