Сайлау жүйесі курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе……2 бет

І Сайлау жүйесін зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері
1.1 Сайлау түсінігінің мәні……..3 бет
1.2 Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу жолдары…….10 бет

ІІ Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі
2.1 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне шолу…….16 бет
2.2 Қазақстан Республикасындағы сайлау технологиялары……29 бет

Қорытынды……34 бет
Пайдаланған әдебиеттер…….35 бет

Кіріспе

Құқықтық мемлекет, демократиялы режим қалыптастыру қоғамның алдына бірінші кезектегі міндет қояды – қажетті құқықтар мен бостандықтармен қорғалған тұлғаны қалыптастыру. Демократиялық басқару негізінде сайлаулардың адалдығы және жарыспалылығы; үкімет аппараттық ойындар нәтижесінде емес, сайлау нәтижесінде қалыптастырылады; саяси азшылық (заңды оппозиция) құқықтарын құрметтеу; көп партиялы немесе қос партиялы жүйе секілді сипаттар жатады.

Сайлаулар демократиялық форманың орталық институты болып табылады.Демократиялық сайлау,жалпы, сайлау жүйесі дегеніміз не? Осы сұрақтарға алдағы уақытта жауап береміз[1, 78 б.].

         Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140 елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды, қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек деп ұсыныс жасалынды.

Көп социалистік мемлекеттерде демократия тәжірибесі социализмнен бұрын болған, ал біздің еліміз он сегізінші ғасырда тәуелсіздікті жоғалтқан соң тоталитарлық режимнен басқа режимді білмеді. Халықтың демократиялық салты имперлік ықпалмен ығыстырылды. Бірақ, тәуелсіздік алып, еліміз демократиялық қайта құру рельсіне тұрып өркениеттік, нарықтық экономикалық күшті мемлекет құруда маңызды қадамдар жасады.

Біздің қоғам бірінші қадамдар жасап қатаң әкімшілік регламентациядан демократиялық билік құруға кірісті. Әр сайлауда қазақстандық  сайлаушылар еркін дауыс беру тәжірибесін алып, саяси үрдістерге қатысады. Еліміз электоралдық циклді аяқтап келеді деп айтуға болады, қазір біз жаңа кезең алдында тұрмыз. Табысты ілгері даму едәуір шамада сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау туралы заң сапасын арттырумен байланысты

Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы жалпы сайлау ерекшелігі және  технологиялары қамтылып ашылған.

 Курстық жұмыс / 36 бет