Риторика iлiмнiң атасы саналатын Протогордан бастап Аристотель, Демосфен, Цицерон, Әл-Фараби, Ломоносов, Апресян, Байтұрсынов, Садырбаев сынды шешендер мен ойшылдар, ғалымдар еңбектерiндегi ”саясат шешен сөз”, ”саяси-әлеуметтiк шешендiк сөздер”, ”шешендiк дау сөздер”, ”тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын сөздер” немесе ”социально-политические красноречие”, ”богословно-церковное красноречие” деп iшкi үлгiлерге жiктеу жоғарыдағы зерттеудiң фольклорлық принциптерiнен туындап отыр.
Ал сонымен қатар шешендiк сөздердi фольклорлық мұра деп қарастырған күннiң өзiнде, оны сөз өнерi туындысы ретiнде әдеби мұрағаттар тұрғысынан талдаудың әдеби принциптерi көзiмен қарау қажеттiгi туындайды. Әдеби дәстүр және жаңашылдық мәселелерi осыны нұсқайды. Сатылы даму барысында зерттеудiң, әсiресе, жанр мәселесiнде, әуелi фольклорлық кейiн әдеби принцптердiң туындайтыны заңдылық. Д.С.Лихачевтiң: ”Для русской литературы чисто литературные принцпы выделения жанров вступают в силу в основном в ХVII в,” — деп орыс әдебиетiндегi жанрлар тарихын зерттегенде, бұл орайда белгiлi бiр уақыт мөлшерiн анықтауы ойымызды нақтылай түседi .
Қаншалықты шешендiк сөздердiң тек пен түр категорияларын анықтағанымызбен шешендiк сөздерге көпшiлiк жағдайда шешендiк өнер тұрғысынан, сөйлеу мәдениетi (культуру речи) ретiндегi жалпылама қызметi түрiндегi түсiнiктер деңгейiнде ғылыми спецификалық классификациялар, тұжырымдар жасалды.
Ал бұның өзi риторика iлiмiндегi оның iшiндегi қазақ шешендiк өнерiнде күнi-бүгiнге дейiн шешендiк өнер (как вид искусства) және шешендiк сөз (литературный жанр) мағыналарының жете ажыратылмағандығын көрсетiп отыр. Генетикалық жағынан алып қарағанда, шешендiк сөздер тiкелей шешендiк өнер, сөйлеу мәдениеттiлiгi қажеттiгiнiнен туындайды, басқаша айтқанда, шешендiк өнер сөйлеудiң сөз сияқты бiрден-бiр материалы, шикiзаты.