Ресей дипломатиясы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Ресей дипломатиялық қызметінің дамуы: тарихи ретроспективасы
1.1. IX- XIIғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы.
1.2. XIII- XVғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктері.
1.3. I Петрдің дипломатиялық реформасы: дипломатиялық қызметтің европалық моделіне көшу.
II. Қазіргі кезеңдегі Ресей дипломатиялық қызметінің даму деңгейі және ерекшіліктері
2.1. XIXаяғы -XXғғ. басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметі.
2.2. Қазіргі таңдағы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

       КІРІСПЕ

  Тақырыптың өзектілігі. Сонау XVIғ Ресей империясы пайда болғаннан бастап дипломатиялық және консулдық қызмет туралы сұрақ өзекті мәселелердің бірі болып келді. Бұл курстық жұмыста Ресейдің дипломатиялық қызметінің даму ретроспективасыннан бастап бүгінгі таңға дейінгі даму барысы мен ерекшеліктері зерттеліп, ашылған. І Петрдың ең мықты дипломат екенін білу және оның дипломатиялық қызметіне ерекше көңіл бөлінген. Тек І Петрдың билік басына келуімен «дипломатия тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас системасы» деген түсінік пайда болды. І Петрдың реформасы көптеген жаңашылықтарға алып келгені жайлы негізгі мәселе ретінде қаралды. Ресей Федерациясы әлемдегі алдыңғы қатарлы державалардың біріне айналғандықтан, дипломатиялық қызмет оның сыртқы саясатында басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңдағы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметі дипломатия тарихында аса маңызды орындардың бірін алады. Өйткені оның дипломатиясын тарихи жағынан ауқымы кең дипломатия деп айтуға болады.

Зерттеудің мақсаты. Ресей дипломатиясы мен дипломатиялық қызметін түп тамырынан зерттеп, даму ерекшеліктерін анықтау. Құрылымының ерекшелігін анықтау. Сонымен қатар, орта ғасырлар, империя кезіндегі мен қазіргі Ресей Федерациясының дипломатияларының ерекшеліктерін талдау болды.

  Зерттеудің міндеті:

  • IX-XI Iғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуына шолу жасау;
  • XIII-XVғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктерін атап көрсету;
  • I Петрдің дипломатиялық реформасының маңызды аспектілерін атап көрсету;
  • XIXғ.аяғы-XXғ.басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметіне сипаттама беру;
  • Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметінің ерекшеліктеріне шолу жасау. 

Тақырыпты зерттеу деңгейі. Тақырыпты ашудағы қолданылған әдеби  материалдарға келетін болсақ: В.М.Матвеевтің «Дипломатическая служба» кітабынан көп деректер алынған. Мұнда Ресейдің дипломатиясының ретороспективасы толық қамтылған. Сонымен қатар А.Локтионовтың «История дипломатии» кітабында да Ресейдің дипломатиясына шолу жасалған.Лактионов кітабының көмегімен қаншалықты Ресей дипломатияының мықтылығы мен ішкі саясаттардың ерекшелігі арқылы мәліметтер жиналды, даму тарихы тұрғысынан жан-жақты қарастырылған.  Қазіргі таңдағы Ресейдің дипломатиялық қызметі, оның жүйесі мен дипломатиялық заңдары туралы дерек көздері интернет сайттарынан  алынған. Келесі негізгі материалдардың бірі – Қазақстан Республикасының атақты дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабынын алынған. Мұнда көбіне Ресейдің сыртқы саясатында аса маңызды рөль атқарған дипломаттар жайлы көп жазылған. Курстық жұмысты жазуда халықаралық қатынастар және дипломатия туралы кітаптар қолданылған. Қолданылған әдебиеттер тізімі курстық жұмыстың соңында берілген.

Зерттеудің методологиялық негізі.  Курстық жұмысты жүргізуде қазіргі кезде қолданылып жүрген методологиялық принциптер мен әдістер қолданылды.  Ресей мемлекетінің дипломатиялық қызметін қарастырғанда талдау, салыстыру әдістерін қолдандым. Талдау әдісін қолдана отырып, Ресейдің дипломатиялық қызметі туралы толығымен әрбір тарауда талдау жасалған.

  Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Екі бөлімде де Ресейдің дипломатиялық қызметінің дамуы мен ерекшелігіне шолу жасалған.

  Курстық жұмыс / 25 бет