Ре- мажорлық симфония, ми- бемол ьмажорық сияқты, көңілді, жанрлық- тұрмыстық және ұлттық –билік негізбен байланысты.
Симфония кіріспеден басталады. Пунктирді ритмдегі фанфарды тема шақыру мінезіне ие. Осы кіріспеге қарама- қарсы Allegro басталады. Осы қарама- қарсылық оның негізгі мен қосымша партиялардың арасында болмауының орнын толтырады: екі партия да бір темаға негізделген, әртүрлі тональносттарда жазылған.
Экспозицияның қосымша партиясы доминанталық тонаольността жазылған. Басқа симфониялардағыдай, ерекше әсер көңіл аударады: негізгі партияның аяқталу кезінде соңғы тоникалық дыбыста оркестр (tutti) музыкалық қозғалысты іліп әкетіп, оны жалғастырады. Бірінші бөлімнің өңдеуші бөлімі бөліп алынған элементің дамуына негізделген.
Екінші бөлім (Andante) – бұл өзінің дамуында үлкен драматизмге жететуһін лирикалық өлең. Ол дамушы және басқа бөлімдерге қарама- қарсы ортасы бар күрделі үшбөлімдік формада жазылған. Шеткі бөлімдердің мелодиясы жарық және сабырлы лирикаға бөленген.
Ортасында, темаға мұңды өзгешелік беретін, аттас минор пайда болады. Даму барысында темадрамалық кульминацияға жетеді.
Бірінші бөліктің секвенттік дамуы, бірінші бөлім- Andante’ ға қарағанда, әжептәуір үлкейтілген репризаға әкеледі. Ал теманың өзі репризада минорлық түрленуге ұшырайды.
Менуэт күрделі үшбөлімдік формада жазылған және мінезімен ұлттық, деревнялық биге жақын. Үшінші долядағы акценттер билеушінің аяқпен тапылдауына ұқсайды. Теманың екі бөлімінің арасындағы динамикалық контраст оған өткірлік пен қызулық береді.
Ортасы (трио) шеткі бөлімдерімен қарама- қарсы. Оның мінезі жұмсақтау, мелодияның мелодияның қозғалысы жеңіл және жаттық.
Ұлттық- билік бастау финалдың (Allegro con sprito) да негізінде жатыр. Оның негізгі темасы ховат халық әнінен алынған.
Қосымша партия, негізгі партияға қарсы, лирикалық образдың үлгісі болып табылады.
Негізгі билік тема ерекше орын алып, симфонияны көңілді және жарқын бітіреді.