ПВС-амин қышқылы, ПВС-карбон қышқылы құрамды полимерлі жабындылардың физика-химиялық қасиеттері мен анализі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ.ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Амин және карбон қышқылдарының физико-химиялық қасиеттері
1.1.1 Аминқышқылдары және олардың ағзадағы ролі
1.1.2 Карбон қышқылдары

1.2 Поливинил спиртінің физика-химиялық қасиеті және қолданысы
1.3 Әрекеттесу үрдісінің әртүрлі факторларға әсері
1.4 Алынған нәтижелердің қолдану аясы

II ТАРАУ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 УФ- спектрофотометриялық зерттеу әдістемесі
2.2 ИҚ- спектроскопиялық зерттеу әдістемесі
2.3 Пайдаланылатын заттар мен ерітінділер.

III ТАРАУ .НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ
3.1 Түзілетін дәрілік жабындылардың антибактериалдық, антивирустық қасиеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Берілген курстық жұмыстың мақсаты поливинил спирті- аминқышқылы, поливинил спирті- карбон қышқылы құрамды жабындылар дайындау және олардың анализі мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу. Полимерлердің сулы ерітінділерде биологиялық белсенді заттардың сипатына әсерін зерттеу. Биологиялық белсенді заттардың поливинил спирті полимерімен азотқұрамдас ассоциаттардың тепе-теңдік константаларын құру. Карбон және аминқышқылдарының поливинил спиртімен әрекеттесулердің ерекшеліктерін қарастыру.

Поливинил спирті — кристалды полимер. Поливинил спиртінің қасиеттері оның молекулалық массасы мен құрамында жуылмаған ацетатты топтардың болуына байланысты. Поливинил спирттің құрамында екіншілік спирттер тобы бар және ол осы топтарға тән реакцияларға қатысады. Соның ішінде альдегидтермен әрекеттесін ацетаттар түзеді. Бұл топтарды әртүрлі жолдармен ыдыратуға болады: сусыз ортада, катализатор ретінде елеусіз мөлшерде қышқылдың немесе сілтінің қатысында а) сілтімен (стехиометриялық мөлшерде жуу), ә) қышқылдармен (гидролиз) және б)  спирттермен (алкоголиз) әрекет ету.

Поливинил спирті әртүрлі аймақтарда қолданылады: одан синтетикалық талшықтар, суда еритін қабыршақтар, ацеталь, олардың тұрақтылығы мен өндеуді жақсарту үшін шлихта, кейбір органикалық  жұмыс істеу үшін қалдықтар және жұқа қабықшалар жасайды.

Амин, карбон қышқылдарының ең маңызды өкілдеріне келетін болсақ:

Лизин- айқын негіздік қасиеттері бар алифатты аминқышқылы. Химиялық формуласы –C6H14N2H2. Лизин барлық ақуыздардың құрамына кіреді. Ол бойдың өсуіне, терінің қайта қалпына келуіне және антиденелердің өндірісіне өте қажет. Лизин Кардонат, Киндер, Биовиталь препараттарының да құрамына кіреді.  Лизин кальцийдің қан құрамынан қорытылуын және оның сүйек қабаттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Лизин иммунитетті жақсартады. Лизин дефициті ақуыз синтезінде жаман жағынан байқалады: шаршау, әлсіздік, нашар тәбет, шаштың түсуі,дене массасының төмендеуі, бойдың өсуінің төмендеуі, анемия, репродуктивті сипатты мәселе.

Янтар қышқылы –екінегізді қаныққан карбон қышқылы. Суда және спиртте еритін түссіз кристалдар. Балқу температурасы-185°С. Көп емес мөлшерде көптеген өсімдіктерде, янтарда бар. Бойдың өсуін, өсімдік өнімін жоғарлатады. Өнеркәсіпте янтар қышқылын  негізінен малеин ангидридін гидрлілеу арқылы алады. Янтар қышқылын пластмассалардың, смоланың, дәрілік препараттардың синтетикалық мақсатта алынуы үшін қолданады. Сондай-ақ аналитикалық химияда да өз қолданысын тапқан. Тамақ өнеркәсібінде Е363 қоспасы ретінде қлоданылады.

Курстық жұмыс / 23 бет