Психологиялық — педагогикалық дамуының басымдылығы туралы қазақша реферат
Психологиялық — педагогикалық дамуының басымдылығына баланың іс-әрекетіндегі жетекші рөл атқаратын қажеттіліктен туындайтын, іс-әрекетке итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады.
Іс — әрекеттің жетекші рөлінде баланың жас және жеке басының ерекшелігін ескере отырып, ол неге сондай әрекетке барды деген сұраққа жауап іздеген жөн. Мұндайда баланың сол іс — әрекетке баруына қандай қолайлы жағдай туды, не себепті тежелді, не қозғаушы болды деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Негізгі педагогикалық идеяда осы жағымды іс — әрекеттерді іске асырудың жолы қарастырылды. Ол балалар ұжымы арқылы орындалады.
Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары балалар ұжымы арқылы орындалады. Бұл бөлімге оқу — тәрбие процесінің заңдылықтары, әдіс — тәсілдері, іс — әрекет, қарым — қатынасты ұйымдастыру құралдары, ұстаздық қызмет жатады.
Осы көрсетілген бөлімдер балалардың жасына байланысты әрбір төрт кезеңдерінде кездеседі. Сондықтан барлығына жалпы ортақ қасиеттер болуы мүмкін. Бірақ баланың әрбір жасына байланысты кезеңдері және жеке басының ерекшелігіне байланысты қасиеттер болады. Соны біз әр уақытта есте ұстауымыз қажет. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Жас ерекшелік педагогиканың объектісі — бала, оның туғаннан есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялық әрекеттері.
Жас ерекшелік педагогикасы пәні — баланың әр кезеңіндегі оқу — тәрбие процесі барысындағы психологиялық заңдылықтары, әдістері, құралдары, технологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Возрастная и педагогическая психология / под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.
- Караковский А.П. О подростах М., 1970.
- Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. Алматы, 1994.
- Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992.
- Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.
- Кербаков А.И. Психологические основы формирования личности. М., 1967.
- Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.
- Эсупов И.М. Психология взаимопонимания, М., 1980.
- Андреев В. И. Педагогика. Учебный курс для творческого саморазвития. 2-е изд. — Казань, 2000. — 600 с.
- Болдырев Н. И., Гончаров Н. К., Есипов Б. П. и др. Педагогика. Учеб. пособие для пед. ин-тов. — М., 1968.
- «Отбасы психологиясы және кеңес беру», Ресей Федерациясы, «Школа лидерства и успеха» атты Омба психологиялық орталығы, Талдықорған қ-сы, 2009 ж.- Бақтыбаев Ж.Ш., Абдеева С.Б., Арысбаева А.А., Ахмедиева К.Н., Капенова А.А., Шужебаева А.И., Таурбекова А.С.;