Профилактикалық бағдарламалар

Профилактикалық бағдарламалар туралы қазақша реферат

Ұлттық Орталықта жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде келесі тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізу ұйғарылды:

1.  Ақпараттық жұмыстар мен білім беру.

2.   Кауіпсіз жауапты іс әрекет пен дағдыны калыптастыру.

3.   Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

4.  Денсаулық сақтау қызметі мен әлеуметтік қызметтің халық қолы жететіндей дәрежеде болуын камтамасыз ету.

5.   СӨС калылтастыруда мемлекеттік саясатты күшейту,  нормативтік құқықтық негізді қалыптастыру.

6.   Нысаналы топтарды тандаудағы басымдық — балалар, жасөспірімдер, жастар.

Халықтың ақпарат алу деңгейін жақсарту мақсатында, жасаған іс әрекеттеріне жауаптылығын арттыру, оны дағдыға айналдыруды қалыптастыру үшін үйлестірушілер әр түрлі әдістер мен технологияларды пайдаланады: арнайы топтарға акпаратты білім тест материалдарын қолдану, интерактивті әдістерді қолдану; волонтерлік қозғалыстарды дамыту, «теңге-тең»принципі бойынша оқыту; жасөспірімдерге ақпараттық білім беру мақсатында білім беру орталықтарын құру, интернет жүйелерін және тұрмыс дағдыларына үйрету орталықтарын құру көзделуде.

Соңғы жыддары аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мәселелерімен айналысатын халықаралық және қоғамдық ұйымдармен тығыз карым қатынаста жұмыс істеу күшейе түсті: бірігіп республикалық семинарлар мен конференциялар өткізу, кең көлемді акциялар мен халықаралық күндерді өткізу, ақпараттық білім жөне әдістемелік материалдарды басып шығарып, социологиялық зерттеулерді өткізуде.

Бүгінгі таңда профилактикалық бағдарламалар сапалы, жаңа деңгей жетістіктерін көрсетуде. Ғылыми қолдау бар және оны тиімді түрде енгізуге де мүмкіндіктер бар: ДДҰ жобалары -денсаулықгы нығайту мектептері, салауатты университеттер,салауатты қалалар, салауатты жұмыс орындары, ауруханалар салауатты өмір салтын қолдайды; денсаулықты нығайту орталықтары, темекі тартушылықпен күрес орталықгары, тамақтануды реттейтін орталықтар, салауатты өмір дағдыларына үйрететін орталықгар немесе т.с.с. СӨСҚДҰО базасында жасөспірімдердің ақпаратгық білім беру орталығы құрылған, онда 2002 жылдың мамыр айы мен қыркүйек айлары аралығында 50 ерікті түрде жалданушылар (студенттер мен оқушылар), 30 педагог, 10 медицина қызметкерлері білім алып шықты.

Жалпы халық үшін аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайтуға арналған барлық бағдарламалардағы білімді алуға қажетті тақырыптарды қамтитын білім стандарттары жасалған.