Президент сайлауы туралы қазақша реферат
Қазіргі әлемде президент сайлауының негізгі екі түрі бар:
1. Тікелей немесе төте сайлау, оның екі түрі бар, біріншісі, жаппай сайлау, екіншісі, рефереидум.
2. Жанама сайлау үш түрде: (парламент; парламент, штаттар,провинция, әртүрлі қоғамдық саяси күштер өкілдері; таңдаушылар коллегиясы катысуымен өтеді.
Тікелей жоне төте сайлауға Қазақстандағы президент сайлауы мысал бола алады.
Жанама сайлау, таңдаушылар тәсілі Аргентинада, АҚШ-та қолданылады. Оның мәні мынада: сайлаушылар нақты партиядан таңдаушыларды сайлайды (АҚШ-та ол конгрестің қанша мүшесін сайласа,әр штаттан сонша тандаушы болады), бюллетеньде сол партиядан президентке кандидат та көрсетіледі. Таңдаушылар партиялық тәртіптен шықдайды, өз партиясына жататындығын басшылықка алады.АҚШ-та олар өз штаттарының астанасына жиналып, өз дауыстарын президентке береді. Дауыс мажорлық көшпілік жүйе бойынша есептеледі, көпшілік дауыс алған таңдаушылар тізімі штаттағы барлық мандатқа ие болады. Соның нәтижесінде сайлаушылардың өз даусымен ең көп мандат алған кандидаттың болатьш кезі де кездеседі(АҚШ-та бұл 1976, 1988 жылдары кездесті). Сайлау халқы көпштаттардың тандаушыларының дауыстарына тәуелді болады (535таңдаушыдан Колифорнияның — 45, Нью-Иорктың — 41, Пенсиль-ванияның — 27 дауысы бар). Таңдаушылар сайланған соң белгілі бірмерзім арасында президентті сайлау ресми түрде өткізілетінін қарамастан, қандай да бір партиядан сайланған таңдаушылардың санынан-ақ кімнің президенттікке сайланатыны белгілі болады, сол кезде-ақ оның қарсыласы үміткерді құптай береді.
Италия, Индияда, ГФР-де президентгі арнайы сайлау алқасы сайлайды. Италия, ГФР-де алқаның негізін парламент құрайды, ГФР-де төменгі палата, Италияда екі палата да алқаға кіреді. Италия алқаға облыстардың кеңестері сайланатьш делегаттар қатысады (бірден ғана делегат жіберетін шағын екі облысты қоспағанша, әр облыс үш делегат сайлайды). Индияда сайлау алқасын штаттардың заң шығару жиналысында сайланған (тағайыңдалған емес) мүшелері құрайды.(14)
ГФР мен Италиядағы сайлау алқасының таңдаушылардан бір айырмашылығы (ГФР-да ол Федераддық жиын деп аталады) сайлау алқалары бірге мәжіліс құрады. ГФР-де сайлану үшін алғашқы екі сатыда федералдық жиналыста ең көп дауыс жинау керек, үшінші саты үшін оның салыстырмалы маңызы болады (іс жүзінде президент барлық үш негізгі- Христиандық — демократиялық одақ, Демократиялық еркін және Социал-демократиялық партиялардан сййланады) Италияда кандидат алғашқы үш сатыда көпшілік дауысқа ие болуы керек (сайлаушылар алқасының үштен екісі дауысына). Бұл қағида президенттің әртүрлі саяси күштермен келісімге келуі үшін еңгізілген, бірақ ол тәжірибеде сайлауды созып, қиындатып жібереді. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Италияда ауысқан 8 президентің тек екеуі бірінші сатыда (1946, 1985 ж.), екеуі 20 сатыдан соң сайланса, калғаны 4-тен 16 сатыға дейін өткен.
Президенті сайлаудың парламенттік түрі аз ғана елдерде қолданылады (Түркия, Ливан, Греция). КСРО-да алғашқы прсзядент М.С.Горбачев 1989 жылы парламентен жоғары тұрған орган-халық депутаттары съезінде сайланды. Индонезияда да президенті осыған ұқсас орган- халыктық консультативтік конгресс сайдайды.Президентгі парламентте сайлау көбінесе ұзаққа созылады. 1980 жылы Түркияда президент сайлауына 100-ден аса саты өткізілді. Туркияның 1980 жьшғы жаңа конституциясында сайлануды ұзаққа созбаудың тәртібі көрсетілген. Алғашқы екі саты үшін парламенттін көпшілік даусы қажет болса, үшінші саты үшін ең көп дауыс жетіп жатыр. Төртінші сатыға үшінші сатыға ең көп дауыс алған екі кандидат өтеді, онда жеңіп шығу үшін парламенттің барлық құрамының ең көп даусын алу қажет болады. Егер бұл сатыда да президентті солай алмаса, парламент таратылып, оның жаңа құрамы сайланып,жаңғы тәріп қайталанады.
Президентті парламенттер сайлау теориясы демократиялық болып табылады. Маркстік әдебиеттерде ол мейлінше демократиялыің оның өзі парламентті президентке қарсы қоюдан кұтқдрады деп есептейді. Алайда бұл тәсіл, жоғарыда айтқанымыздай, сайлауды ұзаққа созып, тұйыққа тіреуі мүмкін.
Әлемдегі президент институттарын талдай отырып «күшті» (АҚШ) және «әлсіз» (Индия) президенттер калыптасқанын көреміз.
4. Казақстанда Президент институтының кальштасу ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасында президент институгының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеген бірнеше бағыттар калыптасты:
♦ басшизм, түрікмен басшы С.Ниязов титулына байланысты ресейлік ғалымдар еңбектерінде кездесетін ғылыми тұрғы;
♦ саяси жетекшінің институттануы /Ж.Х.Жүнісова/ концепциясы арқилы Қазақстан президенті моделіндегі демократиялық басымдылықгың нақтылануы;
♦ авторитарлы /Н.Масанов, Н.Әміркұлов/, Қазақстандағы президент институтынын конституциялық-кұқыктық статусын зерттей отырып, оның дамуында авторитарлы үрдіс басымдылығын атапайтады;
♦ суперпрезиденттік, яғни казақстандық ғалымдар /Қазақстан даму институты/ президенттік баскару формасының конституциялық дамуында «президенттік басқарудың кең жүйесі» қалыптасқан деп есептейді;
♦ харизматикалық, ресейлік ғалым ААКуртов Қазақстанда президент институтының қалыптасу ерекшелігін зерттей келе, ондан.Ә.Назарбаевтын, харизматикалық имеджі ыкдалы басымдылығын айтады.
Президентализм элементтері:
♦ Президент жалпы халықтық сайлау аркылы сайланады;
♦ Президент мәнді билік өкілеттігіне ие;
♦ Президент заң шығару облысында мәнді өклеттіктерге ие;
♦ Президент пен парламенттің билік басында болуы қатал тіркелген және бір-біріне тәуелді емес;
♦ Үкімет Президент алдында жауапты;
♦ Үкіметті Президент құрады.
Казақстандан президент институты классикалық президент институтының формасына сай келмейді, мәселен:
♦ Үкіметті Президент қалыптастырғанмен, Премьер-министр қызметі бар;
♦ Президентсің конституциялық-құқыгық статусы, оған Үкімет басқару кұқығын бергенмен, қазақртандық Президент заң жүзінде
одан алшақтатылған;
♦ Президент парламентті тарату құқына ие;
Үкімет тек Президент алдында ғана жауалты болғанмен, парламент оған сенімсіздік вотумын жариялауға құқылы