Полиграфиялық өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын көбейткіш техника құралдары мен баспа тәсілдерін баспаханалық және оперативтік деп бөлінеді.
Біріншісіне баспаның жоғары, терең және жалпақ трафареттік тәсілдері жатады.
Екіншісіне-ксерокс, ротопринт, электрографиялық аппараттар және т.б. көмегімен басу жатады.
Жоғары тәсілмен басу кезінде кескін қағазға баспа нысанның көтеріліп тұрған учаскелерімен басылады да шрифттің бояуы біркелкі түспейді. Жоғары тәсілмен басу таңбаларына баспа элементтерімен жасалынатын, полиграфияда таңбаны басып шығару деп аталатын рельеф тән.
Жалпақ тәсілмен басу кезінде басылатын және арасындағы бос қалған жер бір жалпақтықта болады, таңба штрихындағы бояу біркелкі таратылады және рельеф болмайды.
Терең тәсілмен кезінде басылатын элементтер бояу толтырылған тереңдік түрінде болады. Терең тәсілмен басуға: рельефтің болмауы, таңбалардағы басылатын элемент формаларының бояу қалыңдығының біркелкісіздігі тән. Жалпақ және терең тәсілмен басуға арналған баспа қалыбы арнайы темірден жасалады. Жоғары тәсілмен басу үшін баспаханалық теру және цинкографиялық клише қолданылады.
Жедел басу тәсілдері ішінде кең тарағаны- ротопринттік тәсіл. Жалпақ баспаханалық басуға тән белгілер жедел басуға да тән.
Қазіргі әдістемелер диагностикалық және сәйкестендірушілік міндеттерді шешуге: формалар мен оның таңбаларын жасау тәсілдерін анықтауға; кейбір басқа формаларының түрлері дайындалған кәсіпорынды анықтауға; сөз жолдары және т.б. құйылған баспа формаларын, линотиптерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Кешенді криминалистік зерттеу жолымен құжатты жасау тәсілі туралы (фабрикалық немесе қолдан жасалған), баспа формалары мен құжаттардың алынған көшірмесі сәйкестігі туралы сұрақтар және т.б. шешіледі.