Пластмассалар

ПЛАСТМАССАЛАР, пластикалық м а с с а л а р) — сыртқы жағдай әсерінен белгілі бір пішінге келтіруге қабілетті және сол ПІШІНІН сақтайтын, шыны тәрізді не криссталды күйде болатын материалдар. Пластмассадан жасалған бұйымдар тығыздығы төмен, диэлектрик қасиеті жоғары, температура өзгерістеріне, атмосфера, агрессивті орта әсеріне тұрақты, механикалық берік болады. Пластмассадан негізгі құрам бөліктеріне байланыстырғыш заттар — табиғи не синтездік полиморлер, полимср материалдары толықтырғыш, плистификатор, полимер материалдар стабилизаторлары, бояғыш заттар және тағы басқалары жатады. Пластмасса бір фазалы (гомогенді) не көп фазалы (геторогенді) материалдар бола алады. Гомогенді пластмассаларда полимер — материал қасиетін анықтайтын негізгі құрам бөлігі, қалган құрам бөліктері полимерде еріген күйде болады. Готерогенді плстмассада полимер дисперсиялық орта (байланыстырғыш) қызме-тін атқарады. Мұндағы басқа құрам бөліктер өздері жеке фаза құрады. Пластмассалардың барлық түрін төртке бөледі:
1)полимерлеу өнімдері (полиэтилен
полистирол т. б.) негізіндегі пластмассалар;
2)поликонденсаиялану өнімдері полиамидтер,
полиэфирлер т. б.) негізіндегі пластмассалар:
3) химиялық модификацияланған табиғи
полиморлер (протеин, целлюлоза, галалит)
негізіндсгі пластмассалар;
4) табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр
Тсрмопластикалық және термореактивті пластмассалар болып табылады. Термопластикалық пластмассалар қыздырғанда пласти-
калық жағдайға химиялық өзеріссіз өтеді. Оларды бірпеше рет қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термопластикалық пластмассалардың ішінде кең қолданылатындары — полистирол, полиэтилен, поливинилхлорид тәрізді құрылысы түзу СЫЗЫҚТЫ полимерлер негізіндегі материалдар. Тсрмопластикалық пластмассалардың көбі механиалық, берік, диэлектрикалық қасиеттері жоғары және пішіні күрделі бөлшектерге жеңіл қалыпта-
сады. Мысалы, политетрафтор ЭТИЛЕН негізіндегі плстмассалар механикалық өте берік, химиялық тұрақты және диэлектрикалық қасиеттері жоғары болады. Полиуретан негізіндегі материалдар тозбайтын, суыққа шыдамды болса, полиметилметакриллат
пластмассалардың оптикалық қасиеті жоғары болады.
Термореактивті пластмассалар жылу әсерінен тек бірінші сатыда ғана қалыптасатын пластикалық жағдайға келеді, ал ОДАН әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Термореактивті пластмасалар алу үшін фенолальдегид, мочевина-аль дегид, эпоксид, анилин, альдегид, кремний-органик. шайырлар, олиго-эфиракрилаттар торізді қыздырғанда не қатыргыштар әсерінен құрылысы торланған үлкен молекулалы қосылыстарға айналатын кіші молекулалы полимерлер қолданылады Терморсактивті пластмассадан жасалған бұйымдар өздерінің шыны тәрізді қалпын термиялық деструкция басталғанғағ дейін сақтайды. Полимерлер мол толықтырғыштар құрамына қарай мұндай бұйымдар 100— 500°С-қа дейінгі аралықта айтарлықтай өзгөріске ұшырамайды. 300°С температурада ұзак уақыт қолданылатын бұйымдар өндірісінде кремний-органик. полимер мен шыны және асбопластикті толықтырғыштар, 300— 340°С-та полиимидтер меп талшықты көміртекті толықтыргыштар пайдаланылады. Пластмасса электротехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсібіпде, ауыл шаруашылығында көп қолданылады. Медицинада пластмасса арнайы ыдыстар жасау және дәрі орау үшін қолданылады; хирургияда жүрек қақпақшаларын, стоматологиялық протездер, коз бұршағын жасауда пайдаланады.
1973 ж. пластмасса алу үшін дүние жүзінде полимерлер өндірісі ~ 43 млн. тоннаға жетті. Құрамында қажетті қосылыстардың дұрыс және белгілі мөлшерде алынуын қадағалай отырып, тех. әр түрлі мақсаттарға саій пластмасса шығаруға болады.