Пьер Бурьде туралы қазақша реферат
П.Бурдье – 60-жылдардағы француз ойшылы. Шығармашылық жолының бастапқы кезеңіндегі марксизмнің ықпалына түскенімен, кейінгі зерттеулерінде оны өткір сынға алды. Бурдье тұжырымдамасына неғұрлым ықпалды әсер құрылымдандыру тарапынан болған байқалады. Бұл философиялық ағым 60-жылғы Францияда аса ықпалды болды, өйткені К.Леви-Стросстың жұмыстарының арқасынеда антропология нысанындағы құрылымдандыру әлеуметтік ғылымдар арасында белгілі болған бірден-бір пәнге айналды.
Бурдьенің пікірінше, әлеуметтану бір адамның бойында биологиялық жеке тұлға және әлеуметтік агент қасиеттерін сиғызатынын ескере отырып, зерттеуге тиісті. Олар кез-келген де немесе зат сияқты белгілі бір кеңістікте нақты бір орынды иеленеді. Орын немесе foros – агенттің белгілі орнына байланысты айқындалады. Оның алатын орны жазықтық, көлем, кеңістік болуы мүмкін. Алайда физикалық кеңістік оның бөліктерін құрайтын сыртқы жақтары арқылы айқындалса, сол сияқты әлеуметтік кеңістік ұстанымдардың өзара бірін-бірі жоққа шығару шектері арқылы анықталады. Бұл әлеуметтік ұстанымдардың қатар орналасуының құрылымын түзеді. Әлеуметтік агенттер, сондай-ақ агенттер меншіктеген заттар әлеуметтік кеңістіктегі белгілі бір орынға орналасқан, олардың сипатталуы да өзге орындағаны реалитивті қатынасына және бұл орындағаның өзгемен алшақтағына байланысты анықталады.
Әлеуметтік кеңістік құрылымы жайлы зерттеген Пьер Бурдьенің Париждің кеңістігі жайлы ой-пікірі қызықты болып табылады. Бурдьенің айтуынша, Париж кеңістігі орталық, шеткері, қала маңы тұрғындарының кеңістік тұрғын жай бөлінісімен көзге түсетіндігімен қатар, тағы бір айрықша айқын оппозиция ретінде қарама-қарсы ұстанымдар – «оң жағалау» мен «сол жағалаудың» қарама-қайшылығын білеміз.
Әлеуметтік кеңістік – абстрактілі кеңістік. Ол көптеген кеңістік асты немесе экономикалық, интеллектуалдық және басқа өрістердің ұштасуынан құрылған, өз құрылымымен капиталдың жекелеген түрлерінің бөлісіне тәуелді. Нәтижесінде, Пьер Бурдьенің пікірінше, габитус (habitus) өмір сүру ортасын әлеуметтік пайдалану арқылы, өмір сүру кеңістігін қалыптастырады.
П.Бурдье практикалық мән кітабында «теоретикалық ақылға сын» және «құрылым, габитус, практика» мәселелеріне тоқталады. Объективизм әлеуметтік ортаны қимыл әрекетке қатысты бір көзқарасты ұстанған бақылаушыға ұсынылатын спектакль ретінде түсіндіреді. Оған деген өзінің қарым-қатынасының принциптерін тақырыпқа енгізе отырып, бұл бақылаушы өзін-өзі оның бірден-бір тағдыры мағлұмат алу, тану сияқты ұстайды, ал оның барлық әрекеттестігі символдық алмасуға қояды.