Педагогикалық ғылымның қазіргі кезеңдегі дамуы. Теориялық білімінің іс-тәжірибеде қолданыс табуы мен және осы тәжірибенің адамзат қызметіндегі жаңа ауқымды қамтып, кеңеуімен ерекшеленеді.
Өмірдің өзі педагогикаға зерттеулердің, тың белестерін танытуда. Ғылыми бастамалардың мол таусылмас қайнар көзі — жалпыны қамтитын тәжірибе ретінде қарастырылатын бұқаралық педагогикалық қызмет. Бұқаралық тәжірибе қолданыста бар бүкіл оқу-тәрбие үрдісі бағдарламалар жүйесін сұрыптайды, оның қойнауында жатқан әлсіз және басым жаңтарын сатылай анықтайды, алдағы іргелі өзгерістерге қажетті материалдар жинақтайды.
Педагогикалық ғылымның міндеті пайда болған қайшылықтарды анықтаумен, алдыңғы қатарлы озық тәжірибе жинақтап, оның ғылыми түрде дамуын болжайды. Көпшілік мектептің жұмысы күнделікті ұйымдастыру шаралары, оқыту, тәрбие әдістерін жетілдіруде толассыз ізденісте болмауы мүмкін емес. Сондыңтан педагогикалық ғылымның мұғалімдер шығармашылығына бағытталуы жаңа теориялы тұжырымдарды құрудың негізі болып, мұғалім тәжірибесі бойынша тиянақты зерттеулерді ұйымдастырудың бастамасы және ғылыми негізделген ұсыныстар ретінде мұғалімдер қауымына ұсынылады.
Педагогика саласындағы зерттеулерде білім заңдылықтары туралы оның құрылымы, механизмдері, мазмұны, ұстанымдары мен технологиясы жөнінде жаңа тәжірибелерді жинақтауға бағытталған ғылыми қызметтегі үрдіс пен нәтиже көрініс табады. Педагогикалық зерттеулер фактілер мен құбылыстарды түсіндіреді болжам келтіреді.
Педагогикалық зерттеулерді, олардың бағытталуы бойынша іргелі, қолданбалы және талдамалар деп жүйелеуге болады.
Іргелі зерттеулер педагогика нәтижесі жөніндегі теориялық, тәжірибелік жетістіктерді қорытындылайтын және болжамдық негіздегі педагогикалық жүйенің даму модельдерін ұсынатын жинақталған тұжырымдамалар.
Қолданбалы зерттеулер — педагогикалық үрдістің жеке жақтарын тереңдете оқуға, көпқырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылыңтарын ашуға бағытталған жұмыстар.
Талдамалар бөлгіш теориялық ережелерді ескеретін нақты ғылыми практикалың ұсыныстарды негіздеуге бағытталған. Кез келген педагогикалық зерттеулер қабылданған әдістемелік көрсеткіштердің аныңтамасын ұсынылады. Бұларға зерттеу мәселесі, тақырыбы, нысана мен пәні, мақсаты, міндеттері, болжам мен қорғау ережелері жатады. Педагогикалық зерттеулердің сапасы ретінде оның маңыздылығы, жаңашылдығы, теориялың және практикалың мативігі көрініс табады.