Педагогикалық іс-әрекет адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:
«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.
ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.
ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.
IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік [100, 13 б.] (өзімнің бөліп көрсеткенім. – И.З.).
Педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы продуктивті сипаты жөнінде айтамыз.