Патагониялық Анды туралы қазақша реферат
Мол және біркелкі түсетін жауын – шашындар, өте бір қалыпты және төмен температуралар (әрдайым мұхит денгейінде оң) Патагония Андысының көптегн ландшафттық белгілерін анықтайды: материк үшін максималді терең эрозиялық тілімденген суы мол өзендердің қалын жүйелілігімен қазіргі мұзданудың едәуір дамуы және рельефтің мұздық түрлері, қалың ылғалды ормандар .
Патагониялық Кордильер, орташа биіктігі шамамен 3000м (Сан – Валентина тауы 4058м ) дүние жүзілік мұхиттың ірі акваториясының оңтүстік бөлігінен ылғал алып келетін өте күшті батыс желдеріне жалғыз тосқауыл болып табылады. Тек жағалаудың өзінде 2000 – 3000мм жауын – шашын жылына түседі, ал таудың беткейлерінде 6000мм – ге дейін.Жылына жауын — шашын күндерінің саны 300 – ден асады. Қаңтардың орташа температуралары жағалауда 9˚ — тан 14˚ С дейін, 1200 – 1300м биіктікте 0˚ С түседі де мәңгі қармен жамылады. 46˚ 30΄ о.е те (солтүстік жарты шардағы Одесса ендігінде) мұздықтар мұхит деңгейіеі жетеді (46˚ және 51˚ 31΄ о.е. аралығында) мұндағы 20000км² жоғары ауданды тек екі мұз қалқандары алады, яғни Кавказдағы барлық мұздану адандарынан 10 есе және Альпі ден — 5 есе жоғары. Плейстоцен кезеңінде Патагония Андысы түгелімен дерлік мұздардың астында жатқан. Мұздың қысымы Бойлық аңғарды мұхит деңгейіне дейін жеткізді және ол жүйелі бойлық бұғаз – каналдарға айналды, ал жартылай батқан Жағалық Кордильер аралдар қатарына болды.Мұздан ескірген аңғарлары тауларға фиордтардың енуімен қамтамасыздалған.
Терң өзендер және мұздықтардың бұзылған тілімденулер тектониканың әсерінен жеңілденген.Патагониялық Кордильердің кристаллдық және метаморфтық жыныстары сансыз бөлшектенген ығыстырулар оқшауланған массивтерді түзейді.
Солтүстікте, Антарктанд құрылымы (Патагония Кордильері аралдар доғасынан кейін Грейам жерінің қабаттарына жалғасады) басты Анд жүйесіне түйіскен жерде өте белсенді және қазіргі заманғы қозғалыстар көріністер береді. Мұнда жиі жер сілкіністері және көптеген жанартаулар бар (Яте, Минчимавидо, Корковадо және басқалар).
Суы мол өзендер жауындармен және мұздармен қоректенеді.Олардың бастаулары Патагония Кордильерін көлденең кесе аралайды және көптеген кейінгі көлдерді – Буэнос – Айрес, Сан – Мартина және басқалардан өтеді.Олар шығыста мореналармен бекітілген, бұлар арқылы мұхит аралық суайрық өтеді. Осы уақытқа дейін көлдерде мұздықтардың констары түседі.
Егер Патагония Андысының жазғы температурасы салыстырмалы түрде төмен,бірақ қыста өте жоғары (шілдедегі орташа температура 7,5˚С солтүстікте, 3˚С- қа дейін оңтүстікте), жылдық амплитуда орташа айлардың температурасы барлығы 8˚С – ты құрайды. Бұл Патагония Андысында қалың ылғалды аралас ормандардың дамуына жағдай туғызды, Мұнда қылқанды және жалпақ жапырақтылар мәңгі жасыл жапырақты.