Патагония туралы қазақша реферат
Патагонияның баспалдақты үстірттері шөлейтті ландшафттармен ерекшеленеді: физикалық үгілу мен эолды құрылымдық мезорельеф пішіндері, суы аз өзен торлары мен фаунасында эндемикалық түрлердің басым болуы палеогеографикалық даму ерекшеліктерімен байланысты.
Патагония – орографиялық оқшауланған шөлейт. Егер де, ылғалды батыс желдерге тосқауыл болатын Анды таулары болмаса, Патагонияның климаты осы ендікте орналасқан Англия немесе Батыс Франция климатына ұқсас болатын еді. Патагонияда жылдық жауын-шашын мөлшері 120-200 мм – ге тең. Тек қиыр оңтүстігі мен Анды тауы маңында мөлшері 400 – 500 мм — гедейін артады. Температураның орташа көрсеткіштері (қаңтар айында 12-200 С және шілде айында 2-80С). Жаз мезгілінде аяқ асты суыту, тіпті үсік болуы мүмкін, қыста-300-тық аяз жылылықпен ауысуы мүмкін. Жылдың кез келген уақытында қатты желдер соғып тұрады.
Тектоникалық және тау жыныстарының литологиялық өзгешіліктеріне және Патагония климатының континентігіне әсерінен физикалық үгілудің қарқындылығы жоғары болады. Патагонияның оқшауланған платформаласы көтерілулер мен төмен түсу үрдістеріне ұшыраған, сондықтан базальтты жыныстар жер бетіне көтеріліп кейбір жерлерінде «сауытпен қаптаған сияқты» үстірттерді қоршап тұрады. Кристаллды аналық жыныстар мезозой мен үштік кзеңнің құмдақтарымен, құмды саздармен, ал шығысында патагониялық таяз моласстармен жабылған, жыныстар бұзылуға бейімді. Плиоценнің соңынан бастап Патагония көтерілу үрдісіне ұшыраған, Анды тауларынан басталатын өзендердің арналары тереңдеп, таулы үстірттер айтарлықтай биіктікке (2000 м – ге дейін) көтерілген. Төрттік кезеңнің мұздану үрдісінен мореналық және флювиогляциялдық шөгінді жыныстар жиналған. Дефляция мен коррозия депрессияларда эолды қазан — шұңқырларды қалыптастырды, құрылымдық және тектоникалық кертпештерде ерекше мүсіндер пайда болды, беткейлерде малта тастар мен құмды төбелерді қалыптастыра отырып, флювиогляциялдық үйінділерді, ұсақ бөлшектерді үрледі.
Өзен аралық жазықтарда ішкі ағыстар мардымсыз. Атмосфералық аз түсетін жауын-шашын көлдерде (кристаллды жыныстарда) және батпақтарда (саздарда) жиналады немесе тереңге (құмдарда) сіңіп кетеді.
Транзитті өзендер терең (300м) кең арналардағы (каньонды) үстірттерді кесіп өтеді. Олар негізінен анды тауларының қарлары мен мұздарының еруіген пайда болған қоректенеді, осыған байланысты су тасуы көктем мезгілінің соңында байқалады. Арналардың ені кең табандары желден қорғалған, террасаларда астықты-шалғынды өсімдіктер дамиды, егін шаруашылығы үшін жарамды жер болып есептеледі.
Үстірттің кең байтақ кеңістігінде қара шіріндісі аз қаңқалы сұр топырақтар мен шөлдің қоныр құба топырақтары қалыптасқан. Өсімдік жамылғысының қатты желдерге, ылғалдылықтың жетіспеушілігіне, температураның күрт аутқуына, жыл сайынғы қар жамылғысының жоқтығына бейімделуі керек. Ксероморфты жастық тәріздес және төселіп өсетін формалар басым, бұталары ағаштардың көп болуы байқалады. Сирек кездесетін дәнді өсімдіктер арасында қатты жапырақты, тікенекті, қисық өсетін харильи (Llarrea divaricata), болакс (Bolax glebaria) және азореллар (Azorella түрлері), кактустар кездеседі.
Ылғалдылығы жоғары, төмен жер бедерінде, жылы климатта, (Рио-Негро Рио-Колорадо) депрессияларында, әсіресе, ұзына бойы созылған анды алды қолатында, өсімдік жамылғысы тызыз: дәнді өсімдіктер, «шөп патшасы» аргентиналық қоныр бас (Poa argentina var. Gynerium argenteum) жақсы дамыған. Тектоникалық үрдістердің әсерінен пайда болып, кейіннен мұздықтармен өңделген және еріген мұз суымен толған депррессияларда флювиогляциальды және көлдік — аллювийлі шөгінділер шоғырланған. Қоңыржай — континентті климат жағдайында (жылдық жауын-шашын мөлшері 500-600 мм) дәнді дақылды өсімдіктердің астында аллювийлі және қоңыр топырақтар түзіледі. Анды алды қолаттарда, әдетте, патагониялық өзендерді қоректендіретін мұздықтардың шеткі бөліктері орналасқан. Тау алды беткейлеріне тән ерекшелік: аяқ асты болатын жылылық, қар еру және қысқы жауын – шапшын тудыратын Анды тауларынан ығысатын фендер (сондас).
Патагония – Аргентинаның негізгі қой өсіретін ауданы, капиталистік елдер арасында қой басынан үшінші орын алады.
Патагонияның эндемикалық фаунасынан тарбағанды (сорильо), түлкі тәріздес магелландық итті (кульпео) және Дарвин түйеқұсы — нандудың оңтүстік түрлерін атап өткен жөн. Пампадағы сияқты, кеміргіштер (мара, туко-туко т.б.), пампалық мысық, пума тән.
Негізгі байлығы: Неукен-Лимай (Пласа-Уинкуль) өзен аралығындағы, Сан-Хорхе (Комодоро-Ривадавия) шығанағы мен Магеллан бұғаздарының (Чилиде) екі жақ жағалауындағы ірі мұнай кен орындары.