Парето Вильфредо туралы қазақша реферат
Парето Вильфредо — италиян әлеуметтанушысы, экономист. Ол өзінің әлеуметтанулық теориялық концепциясын “ Жалпы әлеуметтану трактаты” еңбегінде жазып шықты. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизімнің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады. Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы “Қатты денелердегі тепе-тендіктің іргелі принциптері” деген тақырыпта диссертациясын қорғайды. Тепе-теңдік түсінігі оның бұдан кейінгі экономикалық және социологиялық еңбектерінде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, бұл тақырып нысана ретінде қабылданды. Бірнеше жылдар бойы ол темір жол мекемесі мен металлургиялық компанияда маңызды қызметтер атқарды. 90-жылдары ол саясатқа араласуға талпыныс жасайды, бірақ онысы сәтсіз болады. Осы кезде ол публицистика және классикалық мәтіндерді оқумен және аударумен айналысады. 90-жылдардың бірінші жартысында Парето экономикалық теория және математикалық экономика саласынан бірқатар зерттеулер шығарады. 1893 жылдан өмірінің соңына дейін ол Швейцарияда Лозанна университетінде атақты экономист Леон Вальрасты алмастырып саяси экономия профессоры болды. Паретоның өмірінің соңғы жылында Италияда фашистік режим орнайды. Бұл режимнің кейбір қайраткерлері өздерін лозанндық профессордың шәкіртіміз деп есептеді. Осыған байланысты 1923 жылы оған Италия сенаторы атағы беріледі. Парето бұл режимге ұстамды қолдау көрсете отырып, оны либералды болуға және академиялық еркіндіктерді шектемеуге шақырды. Парето 1923 жылы 19 тамызда өмірінің соңғы жылдарын өткізген Селиньяда (Швейцарияда) қайтыс болды.