Пакерлер, якорьлар туралы қазақша реферат
Пакерлер – скважиналардың бөлек аймақтарын, мысалы, түп аймағын қалған бөліктен ажыратуға арналған құрылғы. Бұл кезде олар келесі функцияларды атқарады;
-шегендеуші колоннаны қабат қысымының әсерінен қорғайды;
-онымен агрессивті қабат сұйықтары мен газдардың байланысына кедергі жасайды;
-СКҚ-дың ПӘК-ны көбейтіп, газдың тек СКҚ-ға қысылуына мүмкіндік туғызады;
— бөлек қабаттар мен қабатшалардың бөлініп өңделуіне мүмкіндік жасайды;
-технологиялық операциялар кезінде бөлек қабатшалар мен қабаттарға бағытталған сағалық әсер етуді орындауға мүмкіндік береді.
Ажырату процесі диаметрлік гарабитті көбейтетін резеңкелік пакерлеуші элементтер механикалық, гидравликалық және гидромеханикалық әсер етумен орындалады. Ажыратқыш элементке әсер ету түріне байланысты механикалық («М») және гидравликалық («ГМ») әрекеттік пакерлер қолданысқа түсті.
Пакер осылай жұмыс істейді. СКҚ-да берілген тереңдікке түсірілген соң соңғысына седлода орнатылатын шарикті лақтырады: СКҚ-да пакерде сұйық айдап, қысым тудырады, ол поршень астында «А» каналы арқылы беріліп, поршеннің орын алмастыруын тудырады. Поршень ұстағыш винттің 10 кесілуін қамтамасыз ететін күшпен плашка ұстағышта итереді. Жоғарғы қозғалысты жалғастырып, ол плашкаларды корпусқа дейін қозғалтып, оларды пайдаланушы колоннаға қысады. Манжеттің қысудан босауы тірекке әсер етуші құбырлардың массасы есебінен іске асады.
Қысымды әрі қарай көбейткенде (21МПа-ға дейін) седлоны шарикпен ұстап тұратын винт кесіледі, және олар корпустан түсіп пакердің өту тілуін босатады.
Пакерді көтеру осьтік күшті түсірген соң мен жоғарыға оқпанды конусты тіректі орын ауыстырған соң орындалады. Бұл плашкалармен манжеттердің алғашқы қалпына келуіне мүмкіндік туғызады.
Якорь берілген интервалда пакерді сенімді ұстауға қосымша күшті қамтамасыз етуге арналған. Бұл үшін якорь бір блокқа пакермен қосылып, біруақытта скважинаға түсіріледі. СКҚ-дың колоннасында жасалатын және поршень астындағы канал арқылы жіберілетін қысымнан жұмыс істей бастайтын плашкалар якорды ұстағыш элементтер болып табылады. Якордың жұмыс істеу принципі пакер жұмысына ұқсас. Қысымды түсірген соң және СКҚ-ды көтергенде плашкалар якорды босатып өз орнына келеді.
Якорь пакермен конструктивті орнатылуы мүмкін, сонда пакер шифрына «я» әрпі енгізіледі, мысалы: ПД – ЯГМ.