Білім облысы: Таным.
Білім бөлімі: « Өзін – өзі тану ».
Сабақтың тақырыбы: « Өз – өзімді сүйемін ».
Мақсаты: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсінік беру. Өзін – өзі тани білу. Жақсы істер жасай білу: тіл алу, тыңдау, әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылық, жақсылық ұғымының адамгершілік құндылықтарының мәнін ашу. Өзін – өзі сүйе білу түсініктерін қалыптастыру. Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сәлемдесу. – Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың туған жер!
Армысың достарым!
Армысың қонақтар!
Қош, келдің біздерге!
Шаттық шеңбері.
Жамандықтан бойдағы жиренгенім
Көңілді шат – шадымен күйге ендім
Бұл менің мақтанышпен айтатыным
Өзін – өзі танудан үйренгенім.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналамын түбі мен.
Тәрбиеші. – Балалар, бүгін өзін – өзі тану ұйымдастырылған іс – әрекетімізде « Өз – өзімді сүйемін » жайлы әңгіме жүргіземіз.
Күн. – Бар жақсылық жақсы адамның жолында
Жаман болып тумайды ешкім анадан
Жаман адам қайдан шыққан соңында?
Соны ойла да өзіңе – өзің есеп бер.
Көктем – өмір, көгерер бәйшешектер.
Екі жол бар жағаласып жататын
Жақсылыққа апаратын жетекке ер.
Тәрбиеші: — Күн тілегіңе көп рахмет! Балалар саған өздерін не үшін сүйетіні жайлы айтып бергісі келеді. Күн сен өзіңді сүйесің бе?
Күн: — Ия, мен өзімді сүйемін. Өйткені, мен үлкенмін, жарықпын, жылы және өте ыстық боламын. Мен, балалардың үлкен болып өсуіне, бақшаның гүлденуі мен жерді жылытатыным үшін өзімді сүйемін.
Тәрбиеші: — Әр адам өзінің қасиеттерін ескере отырып сүйе білуі тиіс. Сол қасиеттер жайлы тыңдайықшы.
1 – бала: Жақсы болу өзіңнен.
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал.
Өзіңсің – ақыл айнасы,
Тиеді саған мәні бар.
«Өзіңді тану пайдасы»
Жақынды, досты аяла.
2 – бала: Өмірдің жинап керегін.
Керек болса керегім.
Қол ұшымды беремін.
Адал туған Отанға.
Ұлы болсам деп едім.
Сол үшін өзімді сүйемін.
3 – бала: Ақиқатқа жүгінем,
Адалдықты ардақтап,
Жалғандықтан түңілем.
Үлкендердің ақылын,
Ақ бата деп ұғынам,
Сол үшін өзімді сүйемін.
4 – бала: Шынын айтқан кішінің,
Пәктігіне қызығам.
Өтірік айтып өрекпіп,
Жамандыққа бармайық.
Сол үшінді өзімді сүйемін.
Ойын: «Айна». (балалар айнаға қарап өздерін не үшін сүйетінін айтады).
Күн: — Балалар сендер де өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді тани біледі екенсіңдер. Әр, уақытта өздеріңді сыйлап, сүйе білуді ұмытпаңдар. (балалармен қоштасады).
Сергіту сәті: Өмір деген – қымбат екен достарым,
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным
Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым.
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Тыныштық сәті:
— Балалар орындарыңа емін – еркін жайғаса отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең демалыңдар. Жүрегіміз толы мейірім. Тек жақсы істерді ойлаймыз. Бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз арқылы өзімізді құрметтейміз. Енді көздеріңді ашыңдар.
Күтпеген жерден кірқожалақ келеді.
Бала: Мынау бала, бетін қара,
Кір – қожалақ қап – қара
Шашы өскен, тырнақ көптен
Алынбапты масқара !
— Сен кімсің?
Кірқожалақ: Кім екенімді табыңдар!
Жуынуды ұнатпаймын,
Сабынмен достаспаймын,
Лас боп жүргенді ұнатамын,
Сондықтан да Кірқожалақпын!
Тәрбиеші: — Сен бізге неге келдің?
Кірқожалақ: — Мен өзіме дос іздеп келдім. Бұл балалардың арасында кірқожалақтар бар шығар ?
Тәрбиеші: Біз тазалықты сүймейтін және өзін жақсы көрмейтіндер мен дос болмаймыз.
Кірқожалақ: — Мені қумаңдаршы, жалынамын. Өзін жақсы көретін бала қандай болуы керек?
Тәрбиеші: Балалар, Кірқожалаққа айтып беріңдерші өзін жақсы көретін бала қандай болу керек?
Балалар: Біз таңертең жаттығу жасаймыз, тісімізді тазалаймыз, бет – қолымызды жуамыз, шомыламыз. Таза киім киеміз. Аяқ – киімді сүртіп киеміз.
Тәрбиеші: — Көрдің бе? Кірқожалақ біздің балалар өзін – өзі таза ұстайды, тәртіпті, ұқыпты, сондықтанда өздерін жақсы көреді.
— Біз жай балалар емеспіз, біз сиқыршымыз. Қане, Кірқожалақты тазалыққа сиқырлайықшы.
— 1, 2, 3 – « Таза бол ».
Кірқожалақ: Рақмет достар, мен енді таза болып жүремін. Өзімді жақсы көремін. (қоштасады).
Ойын: « Мен жақсы көремін ». (табиғатты, ауылды, отбасымды, гүлді, балабақшамды)
Қорытынды: Өзін – өзі жақсы көру дегеніміз, жақсы қасиеттерге ие болу. Таза, ұқыпты жүру. Достарын, туған – туысқандарын сыйлау, жақсылық жасау. Сонда ғана өз – өзімізді сүйеміз.
Жүректен – жүрекке:
Өз – өзімді сүйемін – сізге де соны тілеймін!