Туризм дамуының бұл кезеңі туризмді әкімшілік реттеуден экономикалық нарықтық қатынастарға өтуімен сипатталады. Өтпелі кезеңге келесідей тенденциялар тән:
— туристік ұйымдардың мемлекеттік иеліктен жеке иеліктерге өтуі;
— жаңа заңдардың негізінде туристік нарықтың қалыптасуы;
— жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізіндегі нарықтық жағдайда туристік ресурстарды пайдалану;
— туристік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты сұраныс сипатының өзгеруі (шоп турлар, көңіл көтеру, тіл үйрену т.б);
— туризмнің материалдық базасына сұраныстың болмай қалуы;
— көптеген кіші және орташа кәсіпорындардың пайда болуы;
— шығу туризмінің орташа көрсеткішінің өсуі, әсіресе шоп туризм мақсатында.
2000 ж. туризмнің дамуы келесідей бағыттармен сипатталды:
— туристік нарықтың ары қарай дамуы;
— заңдық базаның жетілдірілуі;
— қонақүй бизнесіндегі жаңа технологияларды игеру;
— туристік өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу;
— алдын-ала орындарға тапсырыс берудің компьютерлік жүйесін қолдану;
— туризмнің білімдік және ғылыми базасының дамуы;
— туристік нарықта монопольді құрылымдардың пайда болуы;
— нарықта туристік өнімді жылжытужы белсендіру.