Отбасының дамуы туралы қазақша реферат
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.