Отансүйгіштік және рухани – адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі балабақшадағы ашық сабақ

Тақырыбы:

«Отансүйгіштік және рухани – адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын котерудін кепілі.»

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа Отансүйгіштік және адамгершілік – рухани тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады.

Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар үлкен роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, Отансүйгіштік, адамгершілік ықпалдың әр – түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктеріне зер салып отыруы қажет.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынасы (тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен іс – әрекетін анықтайды.

Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс – әрекет, түрлі ойындар арқылы беріледі. Сол мақсатта «Болады – болмайды» ойын – тренингі өткізіледі.

— Мейірімді болуға… (болады),

— Кешірімді болуға… (болады),

— Мақтаншақ болуға… (болмайды),

— Шыншыл болуға… (болады),

— Жаман болуға… (болмайды).

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

2011 – 2012 оқу жылында ересек қазақ тобының тәрбиешілері Арынғазиева Қ.М және Мақұлбекова М.П. Отансүйгіштік рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Оюлар сыры», «Тәуелсіздік ел – тілегі» ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін өткіздік. «Тәуелсіздік ел тілегі» оқу іс – әрекетінің мақсаты: Жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғау мақал – мәтел, тақпақтар арқылы ой – өрісін кеңеюіне ықпал етіледі. «Туған жер» бейнефилімін тамашалады.

Қазақстан Республикамыздың рәміздерімен тереңірек танысты.

Іс – әрекет барысында балалар Алдар Көсемен бірге Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай арналған тойға барып Отан туралы ән орындап, мақал – мәтелдер, тақпақтар айтылды, ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар мерекеден алған әсерін өнер орталығында III топқа бөлініп өз шығармашылығында көрсетті.

«Оюлар сыры» ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында баланың туған елі Қазақстанға, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, елінің байлығы, халқының тұрмыс – тіршілігі, ұлттық бұйымдар, қазақтың ою – өрнек түрлерімен танысып өтті.

«Қазақ елі» бейнефильмі, ұлттық киім мен бұйымдар көрсетілімі, ою – өрнек, мақал – мәтел, тақпақтар, әңгімелеу арқылы баланың Отансүйгіштік рухани – адамгершілік қасиеттері кеңейе түсті.

Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.  Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуына ықпал ету педагогтың бірден бір парызы.