Өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің ережелері мен ерекшеліктері туралы қазақша реферат
ҚР-ның АК-нің мұрагерлік негізі өсиет бойынша және заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылады. ҚР-ның АК-нің 54 тарауы «өсиет бойынша мұрагерлікке» ар налған, ал 59 тарауы, «заңды мұрагерлікке» арналған, Мұрагерлік құқық мәселелерінің әртүрлі негізде өнделу дәрежесі байқалады.
Өсиет бойынша мұрагерлікке 14 бап, ал заңды мұрагерлікке қатысты ережелер 10 бапты қамтиды.
Өсиетті әрекет қабілеттілігі бар тұлға өзіне тиесілі мүлікті өз ықтиярымен кімге бергісі келетін туралы мәлімдейтін заңды күші бар құжат. Өсиетті өсиет қалдырушы тірі кезінде жазады, ал оның еркі ол қайтыс болғаннан кейін, яғни мұра ашылғаннан кейін ғана өсиеттің заңдық себеп-салдары пайда болады. Өсиет біржақты мәміле. Өсиеттің басқа мәмілелерден айырмашылығы осында деп айтуға болады. Осыған орай, өсиет қалдырушы өсиеттің талаптары мен шарттарына байланыссыз, кез келген уақытта өсиетте көрсеткен мұрагерлер қатарын және мұралық массаны өзгерте алады, сонымен қатар өсиетті түпкілікті өзгерте отырып, оны жоюға да құқы бар. Осы құжат (өсиет) негізінде мұра мүлкінің тағдыры қай негізде жүзеге асатыны белгілі болады.
ҚР-ның АК-нің заңды мұрагерлік бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) жақын туыстарына қатысты кезек тәртібі мен оның үлестері нақты қарастырылған.
Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сін салыстырмалы түрде қарастырсақ, қазіргі ҚР-ның АК-де мұра қалдырушының мұрагерлерінің кезек тәртібі ұлғайған.
Ал, Ресей Федерациясында заңды мұрагерлікке шақырудың 8 кезегі қарастырылған. Бұл тұрғыда Н.В. Ростовцевтың айтуынша, мұрагерлікке шақырудың кезек тәртібінің көп болуы, мұра қалдырушының мүлкінің иесіз мүлік ретінде мемлекетке өтпеуіне бірден-бір себеп дейді. Н.В. Ростовцевтың пікірін орыс ғалымдары Щербаков пен Ю. Харитонов та қолдайды. Осыған байланысты шын мәнінде бұл ғалымдардың пайымдауларына келісеміз.
Адамзатқа қатысты туыстық жұртты үшке бөледі, олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді. Қайын жұрт мұра қалдырушының қандық туысы емес, қайын жұрт мұра қалдырушының көлденең туысы болып табылады. Біріншісі –өз жұрты (жеті ұрпаққа таратылады); екінші жұрт –нағашы жұрт. Екі жаққа да (ері мен жұбайына) бірдей шешелерінің төркіні, үшіншісі –қайын жұрты, ері мен жұбайының елі. Осыған орай, ҚР-ның АК-нің 1064 баптың 3 тармағының 2 азат жолын толықтыру келесі түрде ұсынылады: «Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының зайыбына қатысты туыстары (еріне қатысты туыстары), соның ішінде зайыбының ата-анасы (қайын атасы, қайын енесі) немесе ерінің (атасы мен енесі), сонымен қатар зайыбының (ерінің) туған аға-інілері мен апа-қарындастары шақырылады».