Орта ғасырлардағы Корей елінің тарихы курстық жұмыс

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ…..2-3
ІІ. 1. Ерте орта ғасырлардағы Корея тарихы
1.1. Ерте Корей мемлекеттері…….4
1.2. Корей тарихындағы үш хандық кезеңі…..5-6
1.3. Бохай және біріккен Силла кезеңі……..6-7
2. Орта ғасырлардағы Корея тарихы
2.1. Коре мемлекетінің қалыптасуы ….7-8
2.2. Қидандар мен Чжурчжендердің басып кіруіне қарсы Корелықтардың саясаты……8-9
2.3. Монғолдардың Коре еліне жорығы…..10-13
2.4. 14 ғасырдағы Корея: Билік басына Ли династиясының келуі…..13-15
2.5. 15-16 ғасырлардағы Корея: Чосон мемлекетінің қалыптасуы…..15-17
3. Ортағасырлардағы Корей халқының мәдениеті
3.1. Ғылыми — техникалық жетістіктері ..17-19
3.2. Тарихи шығармалар мен әдебиеттердің басылып шығарулуы. Кореядағы білім саласы……..19-21
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ……22-23
IV. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……24-25
V. ҚОСЫМШАЛАР…….26-36

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан әлемнің 150 мемлекетімен дипломатиялық қарым  — қатынас орнатқан. Олардың әр қайсысының тарихын зерделеп білу Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына және дипломатиялық қатынастарды одан әрі жақсартуға өз ықпалын тигізеді. Корея мемлекетінің ортағасырдағы тарихы соғыстармен өз ара қырқыстарға толы осы тарихқа қарай отырып біз бейбітшілікті қалай ұстану керек екендігін ұғына аламыз. Өйткені Қазақстанның негізгі байлығы ол халқы және олардың бірлігі.

Корея Қазақстанның бастамашы болуымен дүниеге келген Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске тұрақты қатысып келеді, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуді қолдайды. Ал Қазақстан солтүстіккореялықтардың ядролық проблемаларын бейбіт жолмен реттеуді жақтайды. Сонымен қатар, Корея Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салуда алдыңғы орындардың бірінде тұр. Оның көлемі бүгінде 2,5 миллиард долларға жетті.

Сонымен қатар осы тақырыпты таңдап алуыма осы жылы қазастанда Корей жылы деп жариялануы әсер етті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:  Орта ғасырлардағы Корей мемлекетінің тарихы қазақстан тарихшыларының ішінде аз зерттелген, тіпті зерттелмеген деп айтуға болады. Берілген тақырып бойыншы тек «Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы» Тортаев. . атты жалғыз әдебиет кездеседі. ал ресей тарихшылары әлем тарихын зерттеуге көп ата салысаны бәрімізге аян. Ресей тарихшыларының мынадай әдебиеттері кездеседі: Истоpия Коpеи (Новое прочтение) / А. В. Торкунов,  Корея в огне войны / И. М. Попов, С. Я. Лавренов, В. Н. Богданов. — Жуковский-М..

Зерттеу жұмысының пәні: Орта ғасырлардағы Корей тарихы.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міндеттері: зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: орта ғасырлардағы Корей мемлекетінің тарихын зерттеу.

Осы алға қойылған мақсаттан мынадай міндеттер шығады:

  • Ерте ортағасырлардағы Корей тарихындағы мемлекеттер мен хандықтардың тарихын зерттеу;
  • Кейінгі орта ғасырлардағы Корей тарихындағы мемлекеттердің тарихын зерттеу;
  • Корей халқының мәдениеттін салалары бойыншы зерттеу;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:  Корея елінің тарихы Қазақстан елінің тарихы сиақты «Бірігу тарихы», Бірақ олармен салыстырғанда біз тұтастығымызды сақтай алдық және дұрыс бағыт —  бағдар ұстай алдық.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: бізге белгілі орта ғасырлар шығыс елдерінде ұзақ уақытты қамтыған. Егер біз Корей тарихындағы ерте мемлекеттерді қоса есептесек біздің хронологиялық шеңбер б.з.б 108 жылдан басталып б.з 17 ғасырымен аяқталады.

Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • Біздің антропологилық жағынан Қытайлармен салыстырғанда ұқсас болуымыз Монғолдардың басқыншылығында болуымыз
  • Қазақ елі сиақты монғолдарға ұзақ төтеп берген ел

 Курстық жұмыс / 36 бет