Араб және түркітілдес философиясы. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философиясы туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсінуге, әрқайсысының спецификасының және даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.
Бұл көне шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ шығыс пен батыстың өркениеттілігін де салыстырмалы түрде окып білудің алғы шарттары болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, оның шығыс қоғамындағы орны батысқа қарағанда мүлдем өзгеше.
Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол батыстағы шешімді асырып жіберіп, шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Бірақ бұл осылай ма? Олай емес. Өркениет, философия, мәдениет шығыста да, батыстағыдай әрқилы жолдармен жүріп, дамып келеді. Бұл алшақтық шығыстың қоғам дамуының ерекшелігінен көрінеді. Яғни, бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өз корінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес шығыс қоғамды көрсетеді.
Өкінішке орай, кезінде ұлы Гегель де батыс философиясы шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан кореміз. Мұның бәрі отаршылдық ғасырлары: шығыс ойларының пессимистігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі. Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз.
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әр түрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Сондықтан да, біздің бұл бөліміміз шығыс философиясының бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясына арналып отыр.
Осы бір тұста тарихи зандылыққа сәйкес философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық мұсылмаңдық шығысқа ойысты да, сонау XI ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды.
Орта ғасырлық шығыста VIII—IX ғғ. Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғ. Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғ. екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғ. бірінші жартысыңда тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палестина, бүкіл Солтүстік Африка жағалауы және Пирней түбегі кірді. Атлантикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды, Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқаңда, суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып, өркен жаюына игі ықпал жасады.
Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан, араб тілінің негізінде ежелгі шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты.
Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани ортылыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғ. екінші жартысында орталық Пирней түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғ. мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінін негізі қалаңды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, аль-Кинди, әл-Фараби және ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, ибн Туфейл және ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіңдік алды.
Мұсылмандық шығыс перипатетизмінің бастаушы өкілдерінің бірі аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғүлама философ әл-Кинди (шамамен 800—870 жж.) «араб философы». деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл адам. Философиялық шығармалары логика мен таным теория- сына байланысты жазылған. Әл-Киндидің философия және жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Әл-Кинди танымның бірінші сатысына — логика мен математиканы, екінші сатысына — жаратылыстану ғылымдарын, үшінші сатысына — философияны жатқызды. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан.
Шығыс перипатетизмінің тарихыңда ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепциясы үлкен рөл атқарды. Оларды — мәңгі әрекетшіл «белсеңді ақыл-ой», «бейжай, енжар ақыл-ой», «жол-жөнекей қосылған акыл-ой», «жарияшыл ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал, Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар — материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Өзіңің ғылыми ізденістерін әл-Кинди астрологиямен болашақты болжау ісімен ұштастыруға талпынған. Оның бұл әрекеті исламның кейбір жақтаушыларына үнамай, олар әл-Киндидің біраз кітаптарын өртеп жіберген болатын.: Сондықтан да, оның біраз шығармалары біздерге жете қойған жоқ. Әсіресе оларды қатты ашуландырып, өшіктірген нәрсе әл-Киңдидің Құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары еді.
Қорыта айтар болсак, әл-Кинди ілімінің араб тілді мұсылмандық шығыс философиясының шығыстық. перипатетизм ағымының араб мұсылман әлеміне кеңінен өркен жаюына өзінің тиісті үлесін қосты деп айта аламыз. Одан арғы шығыс перипатетизмінің дамуы әл-Фараби (870—950 жж.) және Ибн Сина (980—1037 жж.) есімдерімен тікелей байланысты болды.
Әл-Фараби. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріңдегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі ұзлағ, арғы атасы тархан. Туған жері —қазақтын ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғ. тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпелілер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 ж. монғолдар қаланы қиратты, бұл окиға «Отырар апаты» деп аталды; онан соң 1405 ж. ақпанда мұнда Әмір-Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда ибн Хаукальдің, абу Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птолемейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.
Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мәдени орталық еместі. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы басқа да мәдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекеедеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, ғылыми, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістан, әл-Сығнаки, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде Дүниеге келуі табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға — әл-Фарабидің орны ерекше.
Әл-Фарабидің Аристотельдін, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге ғажащ, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, ,сол замандағы мәдени әлемнің коптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толыктырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылы- ғы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге бағытталғантын, соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» (мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін Александрияалық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өзкізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд Ад-дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 ж. 80 жасында кайтыс болды. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың Одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.
«Мұсылман ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алды. Әл-Фарабидің шығармаларында антик заманындағы дәстүрдің және «бірінші ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағаларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы сол, ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби шығыс пен батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды. Соңдықтан да, XI ғ. өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн Сина тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгергенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары Оны «ал муаллим ас-сани» — екінші ұстаз деп атаған. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі», «Ізгі қала түрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымының философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғүрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғүрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да, ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек артық айтқандық емес. Мәселен, Фараби өзінің «Фило- софияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тығыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философия ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен түрады:
Философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты- жөні;
Оның шыққан қаласы;
Философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
Философиялық ағымды тудырған басты себеп;
Философиялық талдауға түскен »мәселелер;
Филосрфияның алға қойған мақсаты туралы;
Философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін орта- ға салады.
Екінщі шарт — өткеңдегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формалдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетгі ғалымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, озгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді бар- лыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар, философияны тек жаратылыстану ғалымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші Шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтірудің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіңдерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылыми іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін неңдей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде, Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан махаббаты, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғыльм мен білімге деген қалтқысыз қүштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі — «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөніңде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.
Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принңиптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.
«Музыканың үлкен кітабы» — музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымының негіздері; музыкалық аспаптар; музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғ. латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Қазақстан оқымыстыларының соңғы зерттеулері әл-Фарабидің жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша да аса терең, сындарлы мұра қалдырғанын анықтап отыр. Бұл, әсіресе, оның математика, астрономия, физика, медицина, химия, биология салалары бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Ғұлама «Ғылымдардың шығуы туралы» атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір Алланың құдіретті күшімен пайда болып, одан былай өз алдына дербес заңдылықтарымен өмір сүрді. Көне бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанңия, акциденция жатыр. Оларды танып білу — ғылымдардың қалай шыққанын және өзінше қалай дами бастағанын сипаттайды.
Ғұламаның математикаға қатысты еңбектері: «Евклидке түсініктеме», «Геометриялық трактат», «Птолемей «Алмагесіне» түсініктемей», «Музыканың үлкен кітабы», т.б.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерттеулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1) математиканың әдістемелік мәселелері (математикалық ғылымдардың пәні, негізгі ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 2) математиканың нақты проблемаларды шешуге қатысуы; 3) математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т.б. ғылымдарға қолдану. Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебра пәнін анықтау, салу есептерін бір жүйеге келтіру, синустар теориясы, т.б.).
Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птолемейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет шолпан планетасының күннің бетін басып өтуін бақылайды, «Астрологиялық болжамдарға не дұрыс, не теріс» деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. көрінер қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек — «Музыканың ұлы кітабы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тараулары, қозғалысы, резонанс, т.б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
Физика саласындағы ғұламаның корнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол табиғатқа (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дене жылуы ұғымы не кішіреюі түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты ауа қөлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жақты берілуі және басқалар бар.
«Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын трактатында ғұлама өз тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жа- ратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені мәлім болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғына зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғүлама медик Әбу-Әли Ибн Сина тәлім алған. Мәселен, оның «Медицина негізінде» атты әйгілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді. Әл-Фарабидің бұлардан басқа көптеген философиялық және натурфилософиялық тұжырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездесіп, отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келтіру — фарабитанушылардың кезекті міндеттерінің бірі.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысыңда оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан, оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны қүрметгеу, қастерлеу керек.деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулык үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фарабидің пікірінше, көркемдік — өмір шындығының өзіне тән қасиеті, ол болмыста нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметгік өмірдің көкейдегі елесі. Ол көркемдік – адамның денесі мен рухани жан- дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп санады.
Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылыкты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осынан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.
«Бақытқа жол сілтеу» трактатында және басқаларда әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Фараби ұстамдылықты жақсы құлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына қарай ауытқуымыз керек, сөйтіи, мінез-құлқымызда ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек дейді. Жоғарыда айтылғандар әл-Фарабидің адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» «тәңірден» болмай, оларды адамның өзі таңдауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қаңдай зор маңыз бергенін корсетеді.
Аристотельдің «Нокомахтың этикасында» (1-кітап, параграф 1) келтірген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамға ғана болатын «Ең ерекше» игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай беті алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул ал-мадани» («Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухан құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтың саясатта» қоғами талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде…» ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұңда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.
Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше, философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсінуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принңиптерге, бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Имам — ең жоғары дәрежеде теориялық білімі және ойшылдық қайырымдылықтары бар адам, мұның өзі оған адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды бақытқа жетуге бағыттап отыруға құқық береді.
Сонымен, «философ», «заң шығарушы», «имам» және «бірінші басшы» ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістемелермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырымдылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызды.
Әл-Кинди мен әл-Фарабидің ілімдерін одан әрі дамытушы жалғастырушы Ибн Сина болды.
Ибн Сина (Авиценна) дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына аль-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Еуропалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол, Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфақан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып, өз білімін жетілдіреді. Ибн Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде әлемге ең танымал болған, атағын шығыс пен батысқа танытқан медицина жайлы жазған «Сауығу кітабы». Ол ғасырлар бойы шығыс және батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді.
Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе «философтар патшасы» деп атаса, біресе «дәрігерлер атасы» деп дәріптеген.
Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн Сина араб перипатетизмінің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы ол діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді.
Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесін өте қызық түрде шешкен. Оныц ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұяда өмір сүреді: 1) заттарға дейін, құдіреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні; 3) заттан кейін адам- дардың санасында.
Таным теориясыңда Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен, оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында озіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.
Шығыстық мұсылман философияның бір бұтағы болған, әлемдік философия тарихында өзіңдік орны бар түркі тілдес философия, араб мұсылман философиясы мен медениетінен нәр алып, рухани дәстүр одан әрі жалғаса түсті. Бұл рухани дәстүр жалғастығы қасиетті қазақ даласынан шыққан, кіндік қаны қазақ топырағына тамған Қорқыт ата, Жүсіп Баласағүн, Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ұлы ойшыл ғұлама философтардың есімдерімен белгілі. Олар түркі тілінде барлық түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен әдебиетін, алғы философиялық ойдың іргетасын қалап шықты.