Ориноко және ішкі жазықтары туралы қазақша реферат
Ориноко жазығы, немесе Льянос Ориноко деп аталатын жазық солтүстік – шығыстағы иінге сәйкес келіп неоген кезеңінің теңіздік құмды шөгінділерімен толтырылған, ал оңтүстік – батысы – көрші биіктеу аймақтардың үгілуінен пайда болған континентті өнімдерден тұрады. Ойпаңның орталық бөлігінде өзен аңғарларымен тілімденген тегіс аллювийлі ойпат орын алған (төменгі Льянос). Оңтүстік – батыста (Льянос Мета), мен әсіресе, солтүстік – шығыста (Биік Льянос) биіктігі 200 – 300м –ге жететін өзен аралық тегістеу үстірттер (месас) басым. Олар кейінгі көтерілімдер мен эрозияның күшеюі нәтижесінде пайда болған тар және терең су аңғарларымен тілімденген.
Льянос Ориноко.
Ориноко өзенінің сол жақ жағалауындағы тең аумақ, яғни Андами ортасындағы Гвиан таулы қыраты мен Гуавьяре өзені аралығындағы (3-40 с.е.) территория – Льянос Ориноко деп аталады.
Льяностың субэкваторлық ендікте жатуы жаздық ылғалды экваторлық ауаның құрғақ тропикалық қыспен ауысуын Андылы, ал өсімдіктер мен қызыл топырақтың сабандық түрінің үстемдігі табиғат дамуының мезгілдік ауысуына әсер етеді.
Льянос Ориноко үшін сонымен қатар жер бедерінің жазық болуы Гвиан қалқанының төмен платформалық беткейінің орналасуына, сондай-ақ Анды тауларының алдыңғы ойысуына жалғасып жатқандығына байланысты. Дегенмен рельефтің биіктігі мен сипаты әр түрлі. Льяностың орталық бөлігі Венесуеллада Апуре өзенінің осьі абсолюттік биіктігі 40-70 м идеалдық жазық аллювиалдық ойпат болып табылады. Мұны төменгі Льянос деп атайды. Шығыс жағы жоғарғы плиоценде көтеріңкі және шығысқа қарай ойысыңқы болып келген.
Бұл жердің көтеріңкі болуы жазық өзендер арасындағы жоғарғы бетінің бөлшектенуіне және де тереңдік эрозиясының күшеюіне алып келеді. Өзендер арасы кіші-гірім өлкелермен бөлінеді, биіктігі 300 мм-ге дейін жетеді. Мұні биік Льяностар деп атайды. Колумбияда Меты өзенінің оңтүстігіне қарай кристалдық негізгі жақын болуына байланысты жоғарғы беткейінің биіктігі теңіз деңгейінен 200 мм биіктікте жатыр – мұны Мето Льяносы деп атайды.
Андының жанындағы таудан құлаған сулар кескінінің бірден сынуы Пидмонттың тау алды жазық биіктігіне алып келеді, оған күрделі материалдардың жинақталып қалуына әсер етеді.
Льянос Ориноко Оңтүстік батыстан шығыс-батысқа дейін шамамен 1000 км жазықтықты алып жатыр. Әрине бұл жазықтықта ландшафтың басқа да құрауыштары кездеседі. Төменгі Льяносқа экваториалдық ауа массалары ерте көктемде наурыз ауынан бастап келеді де қазақ-қараша айларында ғана кетеді. Бұл кезде Метто Льяностың көктемдік ждәне күздік көптеген жауын-шашын байқалады. Жауын-шашындар өзеніндегі судың көбеюіне алып келеді. Олар арнасынан шығады да бүкіл ойпатқа сулары жайыла бастайды. Экватороға жақын жатқан Оринокодағы тасқындар Опур өзеніндегі суларға қарағанда ерте басталады. Оринокодағы тасқындардың әсерінен селдің Опур алабына жеткен кезде судың жай»ылуы жүздегеншақырымды жететін кішігірім теңізге айналады. Су басып қалған саваннада каймандар және Льяностың жер бетінде мекендейтін басқа да жан-жануралары биік аудандарға көшіп кетуге мәжбүр болады.
Қазан айынан бастап жауын-шашын көлемі сиреп, өзендегі сулар өз арналарын түседі. Судан босаған топырақта алғашқыда өсімдіктер бой түзейді. Бұл өсімдіктер ойпатты қалың және биік (1-2 метр) кілеммен жабады, олардың үстінде биіктігі 30 м-ге жететін қалың ағаштар немесе Маврикий пальмалары Mauritia Skexuosa топтары ғана көрініп тұрады. Оңтүстік ылғалды меты Льяносы мен төменгі Льяносқа пальмалық биік шөптік саванна болып табылады. Желтоқсаннан бастап 3-4 айға өніп-өсу үзіптастайтын құрғақшылық басталады, өзендер таязданып, биік құмдардан қалыптасқан дөңдер тіпті кішігірім қайықтың өзенгеьшығуына кедергі жасайды. Құрғақшылықта сай-салада өскен маврики пальмасы ғана аман қалады. Грунттық сулардың биік деңгейде тұруына ылғалды тропикалық өзендер бойында орналасқан галериттік орманның жапырақтарының сақталып қалуына әсер етеді.
Ал Апур-Мета өзенінің арасында қалың шөп өскен батпақ қалыптасады. Міне сондайлардың төменгі Льяностарда саванна ландшафтысының өзіндік жайылмалық түрі көптеп кездеседі. Жоғарғы Льяноста құрғақшылық маусымы ұзақ және жауын-шашынды маусымы қысқа болып келеді. Экваториалдық ауа массалары бұл жерге тек мамыр, маусым ауларында ғана келеді. Карпы Андысы төменгі бөктерлерінен оңтүстікте орналасқан жазық далаға суы мол өзендері жетпейді.
Орталық көтерілімнен бөлінген радиалды ағын су биік Льяносты ұзындығы 60 м биіктікте қиып өтеді. Грунтты сулар өте тереңде жатады. Ал қыркүйек айында жаңбыр азая бастайды ды қараша айынан бвастап наурыз-сәуір айларын дейін жауын-шашын жаумай жоқ болып кетеді. Бірақ осы жерде жауын-шашын мөлшері 750-850 мм-ге дейін жетеді, ал қысқы 3 айда бар жоғы жылдық көрсеткіштің 3 пайызы-ақ жауады. Осыған қарамастан жыл бойы бұл жерде температура жоғары және тең болады (орташа айлық температура 26-280 С) және булану көрсеткішіжылына 1600 мм-ге дейін көтеріледі. Құрғақшылық маусымында солтүстік-шығыс желдері жердің бетіндегі жыныстарды және құмдарды ұшырып әкетеді, тек өсімдіктер түсіп, кеуіп жинақталған кезде олардың бетін жауап қалады. Бұл жерде осыдан кейін қызыл-қоңыр топырақ пайда болады, яғни жер бетіне жақын маңда тасберіштердің жинақталған жазықтығы пайда болады. Биік Льянос бұта саваннамен және ксерофитті сирек ормандармен (Монте) күрделі қопсытқыш Пидмонт түрлерімен көмкерілген.
Өсімдіктердің өсу қарқыны күшті ксероморфностпен ерекшеленеді. Құрғақшылықта жапырақтары түсетін немесе тығыз қабықты жапырақты, тікенектер мен тікенді және инелі қысқа қатты шөптер, аласа ағаштар мен бұталар; сонымен бірге суккуленттер – етті кактустар және агавалар кеңінен таралған тек қана терең өлкелерде, яғни грунтты сулар бер жерлер құрғақшылық кезінде де төменгі құмтас көкжиегінен беткеймен аз-маз су ағынымен таралып, әсересе терең өлкелердегі топырақты ылғалдандырып тұрады, осының әсерінен маврикиі пальмасының өскіншектері қайта көгеріп отырады.
Льяностың барлық аумағы экстенсивті мал шаруашылығы ауданы болып табылады. Онда мүйізді ірі қара малы, жцылқы, қой өсіріледі. Тек өзен бойындағы тропикалық аймақта жер өңдеу шаруашылығына тұтыну жерлер ғана бар.
Льяностың шығыс жағы Ориноко деп аталатын өзенмен көмкерілген. Ал бұл ұзындығы бойынша 4-ші орында (шамамен 2560 м) алабының көлемі бойынша 3-ші орында (шамамен 1 млн км2) тұр. Бұл өзен Оңтүстік Америкадағы ірі өзендердің бірі болып табылады. Бұл өзен деңгейі жауын-шашын кезінле күрт жоғарылайтын (8-10 м-ге дейін), ал құрғақшылық болған жағдайда су шығынын тез үнемдейтін субэкваториалдыөзен түрлеріне жатады. Оның қайнар көздері Серра Париманың беткейінен жыл бойғы ылғалдандыру облыстарының әсерінен пайда болады. Ойпатқа тез шығуына байланысты, яғни 90 м оның 3/1 бөлігі суы бөлініп кетеді, касикяре өзеніне, ал ол Риу-Негру өзеніне ағады. Бұл ірі өзендердің бітпей қалған алымдары мен өзеннің тарамдануының классикалық мысалы. Сонымен бірге Ориноканың жоғарғы жерлерінде кристалдық түрлері болып табылады, олар көптеген жоғарылау сатыларын қалыптастырады, су бетінде қалықтаушыларға өзен тек Мета сағасынан ғана көрініп, сумен қоректенуге мүмкін болады. Ал төменгі ағысында, яғни Сьюдад-Боливарға дейін (шамамен 400 шақырым сағадан) теңіз лықсулары байқалады және олар мұхит көтерілулеріне дейін жетуі мүмкін. 150 шақырым биіктіктен Оринокоаға құлаған сарқырамалардың тарамдары кеңейіп батпақтанған атырауды қалыптастырады. Ал бұл маңына қаулап өскен жағалаудың тұрақтылығына бағыттап көрсетеді.
Ішкі жазықтар.
Бұл табиғи ел Бразилия таулы өлкесі мен Анды, Амазония мен Патагония арасындағы меридиан бойынша созылған ойыста орналасқан. Жан – жағынан қоршап жатқан қыраттардың бұзылуынан жиналған жыныстардың әсерінен жер бедері жазықты сипатқа ие болады. Ендік бойынша кең кеңістікті алып жатқандықтан (10-390о.е.) әр түрлі ландшафттық зоналар пайда болған. Жер бедері тегіс болғандықтан зоналардың бір–бірін ауыстыруында заңдылық байқалады: субэкваторлық белдеуден тропикке, яғни солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай субтропиктік белдеуге. Солтүстік Америка құрлығының Ішкі жазықтарының ландшафттық зона спектірін ауыспалы түрге: (ылғалды саванналар, саванналы ормандар, сирек ормандар, саванна мен прерийлер, құрғақ дала), яғни шығыс мұхит маңы түрінен батысқа ішкі құрлықтық континентігі артатын түрге жатқызуға болады.
Ішкі жазықтың қиыр солтүстігіндегі Боливия бөлігі Амазонка бассейніне жататын, Бени және Маморе жүйесінен тұратын – Маморе жазығы. Амазониядан келетін экваторлық ауа массалары (қазаннан мамырға дейін) мол жауын-шашын (жылына 2000 мм-ге дейін) алып келеді, олар аллювийлі жазықтарда су тасқынын, өзен тасуларын туындатады. Бени – Маморе (Льянос Мохос) және Маморе – Гуапоре өзендердің аралықтарында көлемі 120 мың км2 дейін жететін “ішкі теңіздер” пайда болады. Тек кейбір жерлерде ғана арал тәрізді терра фирма (қатты жер) көтеріледі, онда кузи пальмасы (Orbignia phalerata), шарап жасайтын бурити (Mauritia vinifera) және т.б. кездеседі. Қысқы кезеңнің тропиктік ауа массасы салыстырмалы түрде жоғары ылғалдылығымен ерекшеленеді. Қыста жаңбыр азайғанымен, тоқтамайды. Саздақты, батпақты қызыл латеритті топырақтардың су өткізгіштік қасиеті әлсіз болады және көп уақыт бойы ылғалдылықты сақтайды. Сондықтан төменірек орналасқан Льянос Ориноко аймақтарына қарағанда, Маморе жазығында құрғақшылық кезеңі әлсіз болады. Осыған байланысты Маморе-жазығындағы биік шөпті саванналар мен саванналық ормандарда қыста тек ағаштар ғана емес, сонымен бірге шөптесінді өсімдіктер де гүлдейді.
Льяноспен салыстырғанда бұл жерде қысқы температура әлдеқайда төмен: әдетте температура 20-220С-ға дейін, бірақ оңтүстіктен келетін суық ауа толқындарынан (фриаженс) ауа температурасы 10-150С-ға дейін төмендейді. Маморе жазығы игеруге қолайсыз, бірақ көбінесе ірі қара малға қысқы жайылым ретінде қолданылады.
Маморе жазығының оңтүстік – шығысында 500-600 м биіктікте жеке қыраттар пайда болады, 180о.е. маңында бірнеше массив тобына ауысады, оларды шартты түрде Орталық қырат деп атауғаболады (ең биік нүктесі – Чочи тауы, биіктігі 1425 м). Мұнда жер бетіне ежелгі кристаллды жыныстар шығады. Орталық қырат Амазониядан келетін ылғалды ауа ағыны жолында жатқандықтан салыстырмалы мөлшерде ылғал жинайды. Өзен суының эрозиясымен терең және қарқынды тілімденген.
Орталық қыраттан шығысқа қарай жоғарғы Парагвай ойпаты – Пантанал (испан тілінен аударғанда – батпақты мекен) нағыз амфибия ландшафт түріне жатадыв. Пантанал депрессиясы өте жас және өте терең болып келеді – оның абсолютті биіктігі 50-70 м-ге ғана жетеді. Төмендей отырып, ол көлдік-өзендік үйінділердің қалың қабатын, Бразилия таулы өлкесінен ағып келетін Гуапоре су ағынын қамтып, Тапажоса, Арагуаи және Парана су ағындарын қамтуға тырысады. Жазғы мол нөсер кездерінде тегіс беткейлер түгелімен көл мен батпақтарға айналады. Құрғақ кезеңнің өзінде Пантанал саванналарында батпақтар сақталады.
Құрлықтың орталығында 180-300 о.е. аралығында Гран-Чако жазығы созылып жатыр. Аймақтың жазғы жаңбырлы кезеңі солтүстіктен келетін ауа массаларын барикалық депрессия сорып алады (барлық құрлық үшін 1009 мб), қатты қызып тұрған жазықтық бетінде (қаңтар айының орташа температурасы 28-290 С, max — 470 С) жетеді Чаконың шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері жылына 1200 мм-ге дейін түседі, оңтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын 800-500 мм-ге дейін азаяды, көбінесе жауын-шашынды жазғы нөсерлі жауын алып келеді. Қысқы кезең — өте суық және құрғақ (шілде айының орташа температурасы 12-150 С), оңтүстіктен памперос суық желі енгенде үсік жүруі мүмкін. Жаңбыр мезгілде Анды тауларынан бастау алатын өзендердің суы тасиды. Олардың көбісі құмды, малта тасты ысырынды конусқа сіңіп кетеді де ксерофитті-суккулентті монте типтес өсімдік жамылғысы пайда болады: (акация, мимоза, кактус) Ойпаттарда тау алды батпақты және тұзды көлдер белдеуі қалыптасады. Келесі батпақты белдеу Парагвай өзенінің бойында созылған. Тек Пилькомайо, Рио-Бермехо (Теуко) және Рио-Саладо өзендері ғана суын Парагвайға дейін жеткізеді. Дегенмен, өзен сулары құрғақшылық кезінде тартылады, ал Рио-Саладо (“Тұзды өзен”) тұзды көлдер мен батпақтар тізбегіне айналады.
Өзен аралық құмды тегіс беткейлерде жер беті ағын сулары ғана емес, сонымен қатар грунтты сулар да жоқтың қасы. Мұнда қоңыр – қызыл қара шіріндісі аз, сортаң топырақта тропиктік сирек ормандар, дәлірек қисық ормандар – Чаконың негізгі байлығы дамиды. Олардың арасындағы едәуір бағалы деп есептелетіні кебрачо (Schinopsis Lozentzii және Aspidosperma guebracho) қатты ағаш, қабығындағы құрамы 25%-ке дейін малма – таннина; өзен маңындағы кебрачо ормандары жойылған. Сонымен қатар тығыз қара ағашты және бұршақты-малмалы гуаякан (Caesalpinia melanocarpa) тән, жемістері жеуге жарамды альгаррабо (Prosopis juliflora) және чаньяр (Gourliaea decorticans), кактус және бөтелке тәріздес суккулентті (Chorisia ventricosa)өсімдіктері кездеседі.
Тұщы судың жетіспеушілігі Чаконың игерілуін қиындатады. Жазықтың әлсіз қоныстанунан әлі де көптеген жабайы жануарлар сақталған. Құрғақ батыста-кеміргіштер, пума, түйеқұс, жыландардың көп түрі, жазықты және батпақты шығыста — тапирлар, пекарлар, носухтар (жанат тұқымдас ұзын тұмсықты сүтқоректі жыртқыш), кәмшаттар, су тышқаны (батпақты құндыз, ТМД аймағында өсіріледі), су шошқалары, батпақты мекендейтін маралдар т.б. бар. Қазіргі кезге дейін үндістердің негізгі айналысатын жұмысы-аң аулау. Чаконың оңтүстігі суарылатын мақта өсіру плантациялардың негізгі аймағы болып табылады; Анды тауларында мұнай өндіретін өнеркәсіп дамуда.
Парана және Уругвайдың өзенаралық жазығы (27-34 о.е.) арасында жатыр. Ө з е н аралықтың солтүстік б ө л і г і Парагвай өзенін бойлай созылған батпақты ойыстың жалғасы болып келеді. Тұрақты немесе мезгілдік пайда болатын батпақтар мен батпақты көлдер көне өзен аңғарлары арқылы бөлінген.
Ө з е н аралық жазықтың о р т а л ы ғ ы мен о ң т ү с т і г і, құмды ізбес жыныстардан тұратын төбелі жер бедері болып келеді. Су ізбесті жамылғыны тез шайып, құмдақтарда тік беткейлі аңғарларды қалыптастырады. Эрозиялық үрдістер жыл бойы толассыз жүріп отырады. Өзен аралық жазықтың осы бөлігіне тұрақты-ылғалды субтропиктік климатқа ие, жауын-шашын жылына 1000 мм-ден жоғары. Жазы ыстық (24-270С), қысы жұмсақ (10-160С), памперос суық желдері ескенде температура (-50С) төмендейді. Қара түсті топырақтар зонаның өзіндік субтропиктік саванналарының болуын айқындайды. Мимоза, акация және түйеқұсты талдардан (Prosopis nandubaу) ағаштарынан тұратын өте жарық ормандарға қалың шөпті жамылғы тән. Оларда ірі қара мал жайылады.
Нағыз субтропиктік прерийлер Ішкі жазықтың қиыр оңтүстік-шығысында, яғни Пампада (Рио-Саладо және Рио-Колорадо, 64 0б.б. өзендердің аралығында) орналасқан. Табиғи өсімдіктері (пампос) сақталмаған. Пампа Аргентинаның негізгі ауыл шаруашылық ауданы, бұнда 85% бидай (орталықта) және жүгері (солтүстік батыста), 60% – дан жоғары ірі қара (оңтүстік шығыс пен оңтүстікте) және зығыр (солтүстік шығыста) дақылдары шоғырланған. Лессты субстратта дамыған қызғылт-қара топырақ жамылғысы Пампа өте жақсы игерілгендіктен нашар топырақ жамылғысына жатады. Пампаның ежелгі қоныстанушы жануарларының көптеген түрлері жойылып кеткен (гуанако ламасы, ягуар, түйеқұс) немесе жойылып кету жағдайында (пампалық марал, су тышқаны), дәнді дақылдарға әсер ететін – пума, пампалық мысық, көптеген кеміргіштер, туко-туко және шиншилла тұқымы сақталған.
Пампада вегетация жыл бойы болуы мүмкін. Шілде айының орташа температурасы 7-90 С, қаңтарда 22-240 С, жауын-шашын бірқалыпты түседі, жылына 1000-1200 мм. Ылғалдылық негізінен циклондық жаңбырларға байланысты болғандықтан, жауын-шашын мөлшері жылдан-жылға қатты ауытқиды. Кей кездерде 2-3 жыл бойы қатарынан қатты құрғақшылық болады немесе нөсер жауындар жауады. Осындай климаттық жағдайларға байланысты мелиоративті жұмыстар қажет. Пампаның жер бедері тегіс, жер бедерінің негізгі кедір-бұдыры Парананың жағалық кертпештерінен – «барранкос» және суффозиялық ойыстар болып табылады. Пампада дренаж бен беткейлік ағындар өте күрделі. Топырақ су өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Қатты желдер мен инсоляцияның әсерінен булану қарқынды, сонымен қатар жер беті ағыны азаяды. Жер беті су ағындары аз болғандықтан, шаруашылықта көбінесе топырақ асты сулары қолданылады, олар 30-150 м тереңдікте орналасқан.
Батыста, Пампаның едәуір континентті бөлігінде, өзендер мүлдем жоқ, құмды дюналар, құм төбелер тараған. Жауын-шашын 400-600 мм дейін төмендейді және жазда жауады, температура амплитудасы жоғарылайды, -100 С аяз болады.
Пампаның бірқалыптығын бұзатын тек оңтүстігінде көтерілетін сьерра жұрнақтары: Сьерра-дель-Тандиль, биіктігі 500 м-ге дейін және Сьерра-де-ла-Вентана -1243м. Бұл таулы-орманды «аралдар» құрылыс материалдарымен «жабдықтаушы» негізгі аудан болып есептеледі. Пампаның батысында, Пампалық сьерраның шөлейтті және Кордильер алдымен шекаралас, жақпартасты Сьеррас-де- Кордова көтеріледі.