Организм ұлпасының және мүшелерінің, жасушаның ( клетка ) жұмыс істеу принципі, олардағы электрлік зарядтардың- табиғатына сәйкес әр түрлі иондардың таралу өзгерісіне байланысты. Жүйке жүйесінде және бұлшық ет жасушаларында жоғарыда айтылған таралу өзгерісі едәуір ашық көрінеді. Дегенмен бұндай өзгерістің қызметі жасушаларды қоршаған ұлпа орталарында электрлік токтардың өзгерісін тудырады. Бұндай өзгерістерді дененің бетіне орналастырылған электрлік электродтардың көмегімен тіркеуге немесе жазып алуға болады. Мысалы жүректің бұлшық ет тарауларында буындық өзгерістер белгілі бір тәртібінен барлық уақытта жүріп отырады.
Егер ауыратын болса мысалы, жүрекке қан жетіспегендіктен жансызданатын болса жүректің бұлшық ет тарауларындағы қозудың таралу сипаты өзгереді, және де дене бетінде тіркелетін потенциалдар айырымының да сипатын өзгертеді, яғни сырқаттың қандай аурумен ауру екенін білу үшін, әр түрлі электрлік арнаулы аппаратпен жазып алуға қолдануға мүмкіндігін беретін үш торлардың жұмысы осыған негізделген.
Аурудың белгілерін және оны емдеудің әдісін білу үшін, сәйкес органдардағы нақты процестердің электрограмма тіркейтін ерекшеліктерін білу қажет екендігі түсінікті.