Оңтүстік Американың тектоникалық құрылымы және жер бедері туралы қазақша реферат
Оңтүстік Американың орфографиясында Солтүстік Америкамен кейбір ұқсастықтар байқалады. Шығыста, Атлант мұхиты жағасына таяу маңда Бразилия мен Гвиана таулы қыраттары және Патагония үстірті жатыр. Материктің қиыр батысы мен солтүстік батысында оның жағалау пішінін қайталап отырып, дүние жүзіндегі ең ұзын Анд немесе Оңтүстік Американың Кордилер тау жүйесі 9мың км-ге созылады. Тау қыраттары мен Анд аралығында материктің жалпы көлемінің шамамен 45%-ін қамтитын кең байтақ Амазонка, Оринокожәне Парагвай-Парана (Ла-Плата) ойпат жазығы жатыр. Оларды Оңтүстік Американың аса ірі өзендері суландырады. Олар бір-бірімен қосылып, материктің орта бөлігіндегі тұтасып кететін жазық өңір құрайды.
Солтүстік Америкамен орфографиялық ұқсастық екі материктің дамуы мен құрылымындағы кейбір ортақ белгілерімен байланысты: олардың батыс шеттері Тынық мұхит белдеуінің қатпарлы ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөліктері платформалық құрылымға жатады. Бірақ платформалық бөлімі құрылымының ерекшеліктері және дамуы жөнінен Оңтүстік Америка Солтүстік Америкадан гөрі Африкаға ұқсастау келеді.
Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Америка платформасы орасан зор Гвиана-Бразилия мегақалқанынан (оны Оңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қарауға болады) және Африканың Сахара плитасына ұқсас Пампа-Патагония плитасынан тұрады.
Мегақалқан алабында фундаменттің үш ірі дөңі: Гвиана, Батыс Бразилия және Шығыс Бразилия дөңдері бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан-Франсиску, Мараньяо (Паранаиба) кейіннен түскен ірі ойыстар (синеклизалар) бөліп жатады. Соңғы үшеуі Батыс және Шығыс Бразилия дөндерінің аралығындағы төмен түскен бір зонаға бірігіп кетеді деуге болады.
Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қарағанбеткейлері Андының алдыңғы майысуларына қосылып кететін перикратондық ойыстарға ұласады.
Оңтүстікте субмериандық перикратондық майысу Чако-Пампа синеклизасына жалғасады. Ол Парана синеклизасына ұласады. Чако-Пампа синеклизасын енді Патагония плитасына жатқызуға болады. Бұл плитада беті шөгінді және жанартаулық жыныстармен жабылған және енсіз майысумен бөлінген екі массив оқшау тұрады.
Платформа алабында әр түрлі пайдалы қазбалар бар. Олардың Оңтүстік Америка картасындағы қазіргі таралуы бір, бір жағынан, платформаның геологиялық құрылысының айырмашылықтарын көрсетсе, екінші жағынан, оның геологиялық зерттелу дәрежесінің әр қилылығын көрсетеді.
Металдың ірі кендері архей-протерезой фундаметінің жыныстарымен байланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы қыратының протерезой метаморфтық жыныстарында (итабириттерде), темір рудаларының магнит пен гематиттердің қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алтын кен орындары бар.
Ежелгі үгілуден және гранит-гнейстердің бұзылуымен пайда болған заттарда марганец рудаларының мол қоры түзілген, оның құрамындағы металл 50%-тен асады.
Осымен қатар Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпатындағы кристалл жыныстарының ежелгі үгілу қыртысымен капиталистік дүниедегі аса ірі боксит кендері байланысты.
Әр қилы жастағы пегматит желілерінде сирек кездесетін және радиоактифті элементтер түзілген.
Ориноко, Амазонка бассейнінің перикратондық майысуларында, мұнай кен орындары ашылып әрі өндіріліп жатыр.
Оңтүстік Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер бедерімен көптеген ұқсас жері көп. Олардың айырмашылықтары негізінен алғанда белгілі бір жер бедері типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы, Оңтүстік Америкадағы синеклизалардың кеңірек таралуына байланысты ойпатты аккумуляциялық жазықтар едәуір үлкен кеңістіктерді қамтиды: жанартау тектес үстірттер таралған территориялар да ұлан-ғайыр және т.б.
Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың дерлік орталық бөліктерін алып жатады және перикратондық майысу зонасына сәйкес келеді. Синеклизалардың қалқандармен іргелес шеткі бөліктері, сондай-ақ Патагония плитасы аймағы биік қабатты жазықтар мен үстірттер түзеді. Шөгінді комплексі көршілес қалқандармен бірге көтерілуге ұшыраған Мараньяо және Сан-Франсиску ойыстары үшін беткейлері тік жарлы моноклинальды және сатылы биік үстірттердің (шападас) таралуы тән.
Батыс (Орталық)Бразилия қалқанының солтүстік және батыс бөліктеріне, Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлеріне жер бедерінің типтік формалары – кең немесе тар шатқал тәріздес өзен аңғарлары кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстірттер тән болады.
Бразилия таулы қыратының оңтүстік-батысында, Парана бассейнінде көп жерді сатылы жанар таулық үстірттер алып жатыр.
Шығыс Бразилия қалқанының шетінде жатқан Бразилия таулы қыратының шығысы мен Гвиана таулы қыратының едәір бөлігі гендік күшейе түсуі нәтижесінде Шығыс Африка сияқты эпиплатформалық таулар жүйесіне айналған (Бразилия серралары және Гвиана таулы қыратының ең биік бөліктері).
Анд қатпарлары белдеуі бүкіл өн бойында дерлік антиклинорийлерге сәйкес келетін параллель немесе параллелге жақын жоталар жүйесінен және синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес келетін тауаралық аңғарлардан тұрады.
Андының қазіргі қатпалы ғимараты құрамына кейініректегі орогендік процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кіреді. Оларға тау жүйесінің орта және шығыс бөліктері жатады. Батыста бүкіл палеозой мен мезозой бойында шөгіп жатқан, кайнозой эрасында қатпарлануға және көтерілуге ұшыраған зона созылып кетеді.
Жалғыз Анды белдеуі солтүстікте негігі бөлігі Солтүстік Американың құрамына кіретін Антиль-Кариб аймағына жалғасады.Оңтүстік материкте бұл аймаққа Кариб Андысының ендік жүйесі ғана жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешеліктеріне сәйкес Анд тауын мынадай ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс Кордильер – альпі циклінің орта кезінде немесе аяғында түзілген биік және орта биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарысы ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық мұхиттан барлық жерінде дерлік кайнозойдың қатпарлы шөгінділерінен тұратын Жағалық Кордильердің үзік-үзік зонасымен бөлінген. Келесі зона – палеозойдың қатпарлы құрылымдары негзінде кайнозойдың аяғындағы жақпарлы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильер. Андының орталық бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында Боливия таулы қыратының Пуналары жатыр. Олар альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады. 26 және 370 о.е. аралығында Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биіктегі және биік жақпарлы массивтері мен жоталарының жүйесікөтеріліп жатады. Бұл тау ғимараттары платформасының палеозой, ал одан кейін кайнозой тау түзілуіне іліккен шеткі бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір-бірінен тектоникалық ойпаңдармен бөлінген, сонымен бірге оларды платформа мен Андының аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.
Пайдалы қазбалардан Анд белдеуінде мыстың, қалайының, қорғасынның, мырыштың пневматологиялық рудалары таралған. Сонымен бірге күміс, алтын, асыл тастар да таралған.
Андының тауаралығы және тау бөктері майысулары, әсіресе тВенесуелла мен Колумбия аймағында мұнайға бай.