Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың ерекшеліктері

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат

         Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі – калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:

  • шығын есебі объектілері бойынша: — процестік;

—      бөлістік;

—      тапсырыстық;

  • шығын есебінің толықтығына қарай:

— толық өзіндік құнды калькуляциялау;

— толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;

  • шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:

—  нақты өзіндік құн есебі;

—  нормаға сай шығындар есебі.[4]

            Толық өзіндік құнды калькуляциялау. Толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі, сосын таңдалған бөлу базасын өнімнің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.

Толық өзіндік құн негізінде кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы, болашақта оны өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.

Толық өзіндік құн бойынша есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары бар. Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:

  • ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
  • Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау

Есептеудің бұл жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:

  • Өнімнің өзіндік құнына оны өндіруге тікелей қатысты емес шығындар кіреді;
  • Жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;
  • Өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;
  • Өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады.[5]

Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен «директ-костинг» жүйесіндегі есептің ерекшеліктері

Шығындарды өнімнің өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондақтан халықаралық практикада «директ-костинг»  шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады. «Директ-костинг» жүйесінің негізіне салынған басты принцип – өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану. Бұл жүйе әрқилы елдерде әртүрлі аталады. Германия мен Австрияда «бірен саран шығын есебі» немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда — «Маржиналды шығындар есебі»; Францияда – «маржиналды есеп» термині қолданылады.

«Директ-костинг» жүйесінің айрықша ерекшеліктері бар:

  • Өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға және тұрақты шығындарға бөлінеді;
  • Өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;
  • Кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.[3]

Калькуляциялаудың нақты жеке нормативті тәсілдері. Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен – оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құнның нормативті тәсілмен өндіріс процесінде калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шағындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, ус жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жұзеге асыратын арнайы бөлімшеніің бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды. Екі тәсілде түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі – шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі – нормадан ауытқуы арқылы көрсетеді.

Нақты шығындарды есептеу – қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі. Нақты өзіндік құн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:

  • өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;
  • шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;
  • шығындарды өндіріс түрлері шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;
  • нақты шығындарды есеппен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
  • нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.[7]

Стандарт – кост жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл жүйе өткен ғасырдың  20-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. Стандарт-кост тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч.Гаррисон 1933 жылы аударылып жарық көрген «Стандарт-кост» кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп оқып білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі түрінде осы жүйені көрсету арқылыпрофессор М.Х.Жебрак үлкен үлес қосты.

«Стандарт-кост» жүйесінің мағынасы есепке не болғаны емес, болуы тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе пайда болған ауытқушылық көрініс табады.

Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энергияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады және де бұл нормалар қайтадан орындалмайды. Оларды тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.[9]

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың тапсырыстық әдісі. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарды пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кісіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланклерде ашылады, содан соң ол орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік қод беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көрсетіліп жазылады.

Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:

—  барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;

—  уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;

— тек бір ғана шотты жүргізу, аяқталмаған өндіріс. Осы шотта өндірістің әрбір партия бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады. Тек дайындау цехында (құю, ұсталық пресс және т.б.) шалафабрикатты пайдаланады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есептен көрініс таппайды. Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладной өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).