Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу туралы қазақша реферат
Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі: [4,115б.]
— кіретін және өтіп кеткен ;
— тікелей және жанама;
— негізгілер мен қосымшалар;
— өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары);
— бірэлементті және кешенді.
Кіретін шығындар – алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі. Өтіп кеткен шығындар – осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және қоймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Сонымен, кіретін шығындар “шығындар” терминінің синонимі, болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар – “шығыстар” ұғымына ұқсайды. Шығындар – тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар – кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты (қызмет көрсету) орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады.Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге (жұмысқа, көрсетілген қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға болады. Жанама шығындардың ерекшелігі – ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады. Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді. Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен және т.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды. [5,207б.]
Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
Қосымша (өндірстік) шығыстар. Бухгалтерлік есепте олар жайлы ақпарат 8100 бөлімшенің 8310 “Көмекші өндіріс”, 1310 “Материалдар”, 3350 “Еңбекақы”, 1310 “Еңбек ақыдан акдарымдар”, 8410 “Үстеме шығындар”, шотында жинақталады және одан әрі таңдалған қайсыбір бөлу базасына сайма-сай (пропорциональды) бөліну үшін 8030 “Қосымша шығындар” шотында шоғырланады;
Қосымша (өндірістік емес) шығыстар – кезең шығыстары. Бұл шығыстар 7110 “Дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызметті)” өткізу бойынша шығыстар, 7310 “Сыйақы түріндегі шығыстар”және 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоттарында ескерілген.
Көмекші өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау мен пайдалануға) майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың; амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары; коммуналдық (цехтық) шығыстар (электр энергиясына, суға және т.б.); қосалқы өндіріс көрсететін қызметтер, құрал-аспаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы басқа шығыстар жатады және олар 8410 “Үстеме шығындар” бөлікшесінің шоттарында ескеріледі.Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және өндірістік-диспетчерлік ақпараттың және завод басқармасының әкімшілік-басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизация, өндірістік қажеттілік пен өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті, ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби бағдарға және кадр дайындауға жұмсалған шығындар; мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін басқа да шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады. Қолданыстағы баптар номенклатурасы өндірісті дайындау міндетін атқаруға, ұйымдастырушылық және басқарманың тікелей міндетті іс-қызметтерін жүзеге асыруды топтастырады. Экономикалық мәні жағынан әр түрлі шығындарды бұлайша біріктіру шығыстарды мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және талдауды қиындатады. Пайданы бақылау мен есептеу жүйесін құру, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашу үшін оларды міндетті іс-қызмет аясын белгілеу бойынша, ал іште-шығын элементтер бойынша топтастыру мақсатқа сәйкес болар еді.Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға (локализовать), кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т.б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы, техникалық басқару шығыстарына техникалық қызмет еңбеккерлерін ұстау, олардың еңбекақысын және әлеуметтік салық аударымдары, амортизация техникалық қызмет орналасқан үй мен ғимаратты ұстау мен жөндеу шығындары; жалпы заводтық лабораторияларды ұстау; мүліктің тозуы мен оларды қалпына келтіру шығыстары; өнертапқыштыққа техникалық жетілдіруге және т.б. шыққан шығыстар жатқызылады. Бұл шығыстардың жарым-жартылайын өнім түрлеріне – өнертапқыштық, бұйым конструкциясын техникалық жетілдіруге, бөлуге болады; басқа бөлігінің жеке өндірістік бөлімшелерге қатысы бар және өндірістік қосымша шығыстармен бірге бөлінеді.Кәсіпорынның басқа шығындары сияқты қосымша шығыстар басқару есебінде басқару мақсаттарына байланысты қарастырылады.Біртекті өнім шығаратын кейбір кәсіпорындарда, мысалы, өнеркәсіптің энергетикалық, көмір, мұнай өндіру салаларындағы, барлық шығыстар тікелей болады. Өңдеуші кәсіпорындарда (машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде және т.б.) жанама шығыстар өте елеулі. Осылайша, шығындарды тікелей және жанама деп бөлу өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік және өндірістен тыс (мерзімдік шығындарды немесе кезең шығындары).
Мұндай жіктеу бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.
Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі: [6,112б.]
- өндірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін);
- өндірістен тыс (есепті кезең шығындары немесе жиі-жиі болатын шығындар).
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметтік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдықтарында заттандырылған.Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жасалған есепті кезеңдерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс қалдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шығыстары жатқызылады.
Сонымен қатар шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.
Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдық шығындар; еңбекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша (өндірістік) шығыстар;Соған орай, бұл кәсіпорында қосылғыштарға бөліп орналастыруға келмейтін шығындар бірэлементті деп аталады.Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлық элементер кіретін цехтық (қосымша) шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% құрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей еңбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті басқару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді.