Өнеркәсіп

 Өнеркәсіп туралы қазақша реферат

2006 жылы өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 717,2 млрд. теңгені немесе 2005 жылға 138,7 пайызды құрады. Табиғи индекс көлемі – 104,9 пайызды  құрады. Өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлемінің үлес салмағы 11,2 пайызды құрайды. 2007 жылы көлем 2006 жылға қарағанда 3,8 пайызға өсіп  744,8 млрд. теңге көлемінде күтілуде.Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2006 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 46,2 млрд. теңге өнім өндірілген, табиғи индекс көлемі 108,3 пайызды құрады. Көмір өндіру 7,8 пайызға, теміррудасы 6,4 пайызға, қорғасын-цинк 6,1 пайызға артты.

«Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС – де Жомарт кен орны жобалау қуаты жылына 4 млн. тонна рудамен пайдалануға енгізілді. Жыланды кен орнында жылына 2 млн. тонна руда беретін жобалау қуатымен Сары-оба руднигінің құрылысы басталды.

«Жәйрем ГОКы»  АҚ жылына 500 мың тонна жобалық қуатымен марганец пен темір рудасын өңдейтін байыту фабрикасының құрылысы аяқталды.

2007 жылы тау кен өңдеу саласында 49,1 млрд. теңгеге немесе 2006 жылға қарағанда 106,2 пайызға өнім өндіру жоспарлануда. Бұл жағдайда көмір өндіру 7,5 пайызға, цинк қойыртпасы – 7,7 пайызға, кокс өндірісі – 36,1 пайызға артады.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған ПО «Қарағанды түрлі-түсті металл»  байыту фабрикасының құрылысы аяқталып пайдалануға беру ойластырылуда.

Өңделетін өнеркәсіп көлемі 2006 жылы 629,6 млрд. теңгені құрайды. Табиғи индекс көлемі 105 пайызды құрады.

Өнеркәсіп өңдеу саласын талдау металлургия өнеркәсібінде 2006 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнім 546,2 млрд. теңгеге, ТИК – 103,4 пайызға өндірілді. Тазартылған алтын өндірісі 13,9 пайызға, цинк металы -15,5 пайызға, тазартылған мыс -2,6 пайызға артқан.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ қайта жөндеуі аяқталып, жылына 917,0 мың тонна кокс жобалық қуатымен шығаратын №7 кокстік батарея жұмысы іске қосылды. Кокс өндірудің артқаны қазақстандық тұтынушылар сұранысын қанағаттандырады.

АҚ жылына 400 мың тонна жобалық қуаты бар сортты прокат станының құрылысы басталды. Өндіріс республиканың құрылыс индустриясының артқан сұраныстарына  бағытталған.

2007 жылы  өндіріс көлемі  562, 2 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 102,9 пайызды құрады. Тазартылған алтын өндрісін 1,6 пайызға, тазартылған мысты – 3,2 пайызға,  металлды цинкті  – 5,4 пайызға,  қорғасынды – 19,2 пайызға, жалпақ прокатты – 30,5 пайызға арттыру күтілуде.

«Балқаш түрлі-түсті металл» ПО күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылыын аяқтау болжамдануда, бұл Балқаш қаласы мен жалпы аймақтың экологиялық жағдайын біраз жақсартады.

Металл конструкциясын өндіру көлемінің 14,2 пайызға, қара металдан раковина мен мойкалар мен басқа бұйымдардың   2 есе артуы есебінен дайын металдық бұйымдар өндірісінің табиғи көлем индексі 230, 0 пайызды құрады, құндық жағдайда 8,4 млрд. теңге немесе 2005 жылғы деңгейге 125 пайыз.

2007 жылы  «Имсталькон» АҚ КФ мен «Сантехпром» ЖШС  көлемдерінің артуы есебінен 2006 жылға қарағанда 6 пайызға өсіп 8,9 млрд. теңге болуы күтілуде. Бұл жағдайда металл конструкциялық құрылыс құрастырғыштарының өндірісі 5 пайызға, резервуарлар, цистерналар мен бактар 5 пайызға және орталық жылу беру қазандықтары 8,4 пайызға өсуі күтілуде.

Машина жасау өнімдерінің көлемі 2006 жылы 14,3 млрд. теңгені немесе 2005 жылға қарағанда 134,4 пайызды құрады, өндірістің табиғи көлемі 1,3 есеге өсті. Машина  жасау өнімі көлемінің күтілетін өсімі (құндық жағдайда)  ағымдағы жылы 15,5 пайыз жоспарлануда және 16,6 млрд. теңгені құрайды. Көлемдердің өсуі  сырты қапталған сымдар мен кабелдердің артуының күтілуіне байланысты (103 пайыз)  және өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетулер (жылжымалы состав жөндеу).

Металдық емес минералдық өнімдер өндірісінің  жалпы көлемі 2006 жылы 11,0 млрд. теңгені немесе 2005 жылға қарағанда 123,3 пайызды құрады. ТИК 104,6 пайызды құрады. Цемент өндірісі артты (2005 жылғы деңгейге 108,1 пайыз), силикатты және шлакты кірпіш (2,8 есе), бетоннан жасаған құрылыс конструкциясы  (108,3 пайыз)  өсті.

2007 жылы металды емес минералды өнімдер өндірісі 12,9 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 117 пайызды құрады. Бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары мен цемент өндірісін 5 пайызға артту күтілуде. Бұған 2006 жылы іске қосылған «Тұмар тас» ЖШС, «Кератек» ЖШС, «Мықты құрылыс технологиясы»  және басқа  құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндірістер ықпал етеді.

 

2006 жылы тамақ өнеркәсібінде табиғи индекс көлемі маргарин (96,8 пайызға), майонез (92,5 пайызға), шоколад, шоколад пен қанттан  істелген  кондитер бұйымдары (89 пайызға)  азайғанынан 0,2 пайызға кеміген.  Төмендеудің басты себептері  «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ қайта жөндеу жүргізілуге және  осыған ұқсас арзан импорт тауарларының нарыққа толтырылуына байланысты. Өткен жылы барлығы 32,1 млрд. теңгеге өнім өндірілген, бұл 2005 жылға қарағанда 105,6 пайызды құрайды. 2007 жылы  осы саланың өнім өндірісінің күтілуі  2006 жылға қарағанда 33,7 млрд. теңге немесе 105,1 пайызды құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда ет пен субөнімдер 7,0 пайызға, макарон мен соған ұқсас бұйымдар 5 пайызға, сыра 16,1 пайызға біраз артады, бұл тұтынушылар сұранысының арту деңгейіне ықпал етеді.

Өткен жылы   химия өнеркәсібі кәсіпорындары  5,1 млрд. теңгеге немесе 2005 жылға қарағанда 88,1 пайызға шығарылды, ТИК 84,3 пайызды құрады. Көлемдердің азаюы «ТЭМК» ЖШС шығаратын  карбид кальциді  сату нарығының азаюымен түсіндіріледі. Ағымдағы  жылы осы сала кәсіпорындары  5,2 млрд. теңге сомасына өнім өндіруді жоспарлауда, бұл 2006 жылға қарағанда 101,2 пайызды құрайды, бұл жағдайда азот өңдеушілері өндірісінің (101,6 пайызға), полимер негізінде сыр мен лак өндірісін (101 пайызға) өндіру күтілуде.

 

2006 жылы рәзіңке мен пластмасса бұйымдары  жөніндегі сала кәсіпорындары 4,6 млрд. теңгеге  өнім шығарған немесе 2005 жылғы өнеркәсіп өнімі көлемінен 1,1 есеге көп (ТИК). Конвейер ленталар өндірісі 9,2 пайызға,  пластмассадан трубалар, трубкалар, қолғаптар мен шлангтар, фитингтер 4,7 пайызға өскен. 2007 жылы өндіріс көлемі 5,2 млр. теңгені немесе 2006 жылға 111,3 пайызды құрайды. Конвейер лентасының көлемі  4 пайызға және пластмассадан істелген  тақтайлар мен плиталар 3 пайызға өседі.

Сонымен қатар, носки-шөлке шығару көлемі (125,7 пайызға), ерлердің трикотажынан басқа сыртқы киімдері (107,2 пайызға) артқан. 2007 жылы тоқу мен тігу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 0,9 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 103,5 пайызды құрайды,  күтілетін өнімдер носки-шөлке бұйымдарын 5 пайызға, сыртқы трикотаж кимідерді 4,2 пайызға  шығаруды арттыру есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ағаш өндіру саласының көлемі 2006 жылы 0,29 млрд. теңгені, ТИК -85,6 пайызды  құрады. Азаю өнімдерді тапсырыспен шығаруға байланысты.   Ағаш терезе, рамалар, плинтустарды  4,8 пайызға көбейту жоспарланған. 2007 жылы осы сала өндірісінің көлемі 0,3 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 103,4 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы «Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» ЖШС   ағаш үй салу панелдері үшін  құрастырылған клеен брусы өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда.

Қағаз бен қалың қағаз, баспа өнімдері өндірісінің көлемі 2006 жылы 1,9 млрд. теңгені, ТКИ -99,2 пайызды құрады. Азаю өнімдердің тапсырысқа сәйкес шығарылуына байланысты. Жарнама индустриясы мен баспа ісінің дамуына байланысты осы саланың жалпы өндіріс көлемі ағымдағы жылы  2006 жылдың деңгейіне қарағанда 2,0 млрд. теңгені құрайды, құндық мағынада 2,4 пайызды құрайды.