Өндірістік тәжірибенің есебі курстық жұмыс

Мазмұны:

І КІРІСПЕ…..3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ…….4

1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы….4

2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат…8

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы……8

2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)…..10

3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы…13

3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы……13

3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі……14

3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі…….15

3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі…..17

4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау……….20

4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік……20

4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі……22

5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру….24

5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)…..24

5.2. Фаворит…….25

5.3. СЕӨЖ (СОНО)……25

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……26

ҚОСЫМШАЛАР……27

І КІРІСПЕ

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ  қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

—                  филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

—                  әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

—                  филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;

—                  филиалда болған барлық  іс-шараларға қатысу.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

— бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;

— ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;

— меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;

— кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;

—                  ұйымның қаржылық есептілігі  туралы мәліметтерді қарастыру.

Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалы туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.

Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.

курстық жұмыс / 27 бет