Өндірістік мақсаттарға арналған тауарларды сатып алу, пайдалану және сату ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар шикізат және жартылай өңделген өнімдерден бастап, құрал-жабдықтар, станоктар, бөлшектер, аспаптар сияқты өңдеуші өнеркәсіптің әр түрлі салаларында өндірілетін өнімдердің кең ассортиментін қамтиды.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарға қатысты маркетингтік қызмет оларды өндіру және тұтыну өзгешелігінің сипаты, өткізу арналары мен тауар қозғалысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен анықталады. Өндірістік мақсатқа арналған тауарларға шикізат, бөлшектер, жартылай өнімдер, құрал-жабдықтар, аспаптар және т.б. жатады. Оларды тұтынушы-ұйымдар деп аталатын кәсіптік, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, көтерме және бөлшек сауда, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдар тұтынады, ал осы ұйымдардың маркетингтік әрекеті өнеркәсіптік (индустриалдық) маркетинг деп аталады.
Тұтынушы-ұйымдар нарығын мынандай топтарға бөлеміз:
1. өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығы;
2. арадағы сатушылар нарығы;
3. мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдар нарығы.
Бірінші топқа – қазып шығарушы, тау-кен, металлургиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеуші, химиялық, тоқыма, машина жасау, жеңіл, тамақ және ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары сияқты өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы кәсіпорындар жатады. Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығы Қазақстан Республикасындағы сатып алудың негізгі көлемін алып отыр. Арадағы сатушылар нарығын көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары мен ұйымдары қалыптастырады. Олардың қызметі – нарықта өндірілетін өндірістік мақсатқа арналған тауарлардың қозғалысын ұйымдастыру. Бұл нарықтағы тұтынылатын тауарлар номенклатурасы өндірістік мақсатқа арналған тауарларға қарағанда әлдеқайда аз.
Мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар нарығына әр түрлі мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, ведомстволар, үкімет және т.б.) және мәдени – демалыс ұйымдары (мұражайлар, галереялар, кітапханалар), қоғамдық ұйымдар (әр түрлі қайырымдылық қорлары, т.б.), әлеуметтік сала ұйымдары (балабақшалар, мектептер, ауруханалар, сауықтыру орындары т.б.) жатады. Бұл нарықтағы сұраныс тек дайын өнімге орай қалыптасады.
Тұтынушы-ұйымдар мен түпкі тұтынушылар арасындағы айырмашылық өнімді сатып алу, пайдалану және өткізу, сонымен қатар, нарық сипатымен анықталады. Бұл ерекшеліктерді тиісінше екі топқа бөлуге болады. Тұтынушы-ұйымдар мен түпкі тұтынушылар арасындағы айырмашылық өнімді сатып алу, пайдалану және өткізу, сонымен қатар, нарық сипатымен анықталады. Бұл ерекшеліктерді тиісінше екі топқа бөлуге болады.
Тұтынушы-ұйымдар мен түпкі тұтынушылардың айырмашылығы – өздері сатып алатын тауарлары мен оларды пайдалану ерекшеліктерінде. Кәсіпорындар мен ұйымдар шикізатты, материалдарды, құрал-жабдықтарды және басқадай тауарларды өз өндірісіне немесе басқаларға қайта сату үшін алады. Ал түпкі тұтынушылар тауарды өздері жеке тұтыну үшін сатып алады. Тұтынушы-ұйымдар сатып алу туралы шешімді алқада ақылдасып, жабдықтаушыларды және олардың тауарларының сапасын талдау негізінде қабылдайды, сондықтан ұжым –өздеріне жауапкершілікті жүктейді. Өндіріс құралдарын сатып алу кезінде кәсіпорындар толық сипаттайтын арнайы (спецификация) техникалық құжаттаманы пайдаланады.
Түпкі тұтынушыларға қарағанда тұтынушы-ұйымдар құрал-жабдықтарды, шикізатты, жартылай өнімдерді жиі сатып алады. Соңғы жылдары фирмалар мен компаниялар құрал-жабдықтарды келісім-шарттық қатынастар және лизинг негізінде сатып алуда.
Өнеркәсіптік маркетингте көбінесе тендерлер, бәсекелестік сауда мен келіссөздер әсіресе, күрделі немесе қымбат құрал-жабдықтар, арнайы жасалған тауарларды алған кезде қолданылады. Бәсекелестік сауда кезінде сатушылар тауарға баға қою туралы ұсыныстар жасайды, соған байланысты баға қою үшін тапсырыс мөлшерін өзгертеді.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушылар – кәсіби дайындықтан өткен мамандар. Олар өнеркәсіптің қажеттіліктеріне керек тауарларды сатып алудың неғұрлым тиімді жолдарын іздейді. Ал түпкі тұтынушы сатып алу кезінде мұндай күрделі процестен өтпейді. Өнеркәсіпке қажетті тауардың күрделілігіне байланысты шешім қабылдау барысында бірқатар тұлғалардың қатысуы ықтимал. Сатып алу туралы шешім қабылдау деңгейі сатып алынатын тауарлардың сипаттамасына байланысты. Егер тауарлар қарапайым, стандартты сипатта болса, шешім басқарудың төменгі деңгейінде қабылданады.
Тауардың күрделілігі артып, өзгешелігі көбейген сайын оны сатып алу туралы шешім басқарудың жоғары деңгейінде қабылданады.
Өндіріс құралдарының кейбір топтары өмірлік циклдерінің ұзақтылығымен сипатталады, кейбір құрал-жабдықтардың өмірлік циклі 10, 15, 20 жылдан тұрады, ал, басқа бір түрлері жылдам тозады немесе технологиялық түрде ескіруі мүмкін. Мәселен, компьютерді жаппай өндіру жазу машинкаларының өндірісін тоқтатты.
Өндірістік мақсаттарға арналған кейбір өнімдерді өндіру көп уақытты қажет етеді, мысалы, кеме, домна пештерін жасауға айлар, жылдар кетеді.
Өндірістік мақсатқа арналған бұйымдар нақты қажеттіліктерді ескере отырып, стандарттар негізінде (қауіпсіздігі, салмағы, мөлшері, жарамды мерзімі және т.б) өндіріледі, ол стандарттар өнімнің сапасы мен ақауларының сипаттамаларын объективті бағалауға да пайдаланылады. Тауарлар, мысалы, сыны мен архитектуралық айшығы жағынантазалығы, қуаттылығы, кернеу стандарттары мен құрастыру тегі жөнінен ең аз шамадағы талаптарға сай келмесе, қарастырылмайды.
Тұтынудың үлкен көлемі мен алынған тауарлардың өзіндік өзгешелігі өндіруші мен тұтынушы арасындағы тікелей байланысты талап етеді. Сондықтан, өндіріс құралдары нарығында өткізудің тікелей және бір деңгейлі арналары қолданылады.
Тұтынушы-ұйымдар сатудан кейінгі қызмет көрсету, жөндеу, қайтару мүмкіндігі, тауар қозғалысындағы өзара тығыз әрекет, жеңілдікпен несиелеу секілді ерекше қызметтерді қажет етеді. Мұндай айрықша қызметтерге сатудың кешенділігі мен өтемді теңдестіру (компенсационность) жатады. Кешенділік фирмамен немесе ұйыммен келіссөздер және есеп айырысулар жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Ксерокс» фирмасы өзінің негізгі көшірме құрылғыларын, мәтінді теру және редакциялауға арналған машиналарын, принтерлер, басу машиналарын, дербес компьютерлері үшін кешенді сату әдісін қолданады.
Өтемді теңдестіру (компенсационность) дегеніміз – тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алуға келісетін жабдықтаушыларды таңдайтын іс-амал.