ЖОСПАРЫ:
Кіріспе……..3-5
Негізгі бөлім:
1. Өндірістік кооперативтік түсінігі және теориялық негіздері…….5-9
2. Қазақстандағы өндірістік кооперативтің құрылымы және оның сипаттамасы (Мақта шаруашылығы)…..9-14
3. Қазақстандағы өндірістік кооперативтің дамуы…14-19
Қорытынды……….20-22
Пайдаланылған әдебиеттер………..22-23
Кіріспе
Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді.
Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.
Әр елде әр түрлі жағдайда дамығанымен қоғамның түрлі салаларында қатысуы талассыз қалыптасып қалған кооперативтердің пайда болуы табиғаты мен дүниедегі кооперативтік қозғалыстың экономикалық мәні теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Кооперацияның да өз теоретиктері бар, олар кооперация феноменіне теориялық анықтама беріп, оның түрлі елдердегі қоғамдақ формацияның қандай болғанына қарамастан даму үрдістерінің заңдылықтарын белгілеуге тырысады.
Кооперативтік жұйенің теориялық негіздерін зерттеуді «кооперация» ұғымының түп-төркінінен бастайық. «Кооперация» сөзі латынның соореration—ынтымақтасу, ағылшын тілінде cooperation деген сөз адамдардың шаруашылықтар одағына бірігі үдерісін білдіреді, немістерде кооперация – mitwirking –бірлесіп жасалатын қызмет деген ұғымды білдіреді. КООПЕРАТИВ (лат.соореration—ынтымақтастық)—меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үшін ерікті түрде бірікккен азаматтар ұйымы. Кооперация сөзі Ресейде алғаш рет 1866 жылы Эд. Пфейфердің «Об Ассоциациях» кітабын орыс тілінде аудару нәтижесінде пайда болды.
Кооперативтердің өзге бір тобы тұтыну кооперативтері деп аталады, ондай кооперативтер саудадағы және кәсіпкерліктегі өсімдерді болдырмайтындай тұтынушылық мақсаттарды шешуге арналады.