Өндіріс орындарында жасанды жарықтандыру жүйесін жасау

Өндіріс орындарында жасанды жарықтандыру жүйесін жасау туралы қазақша реферат

 Мазмұны

Кіріспе

Тапсырма

Есептеу

Жарықтандыруды қайта құру

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі 

 Кіріспе 

Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.

Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады.Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.

Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:

—       жұмыс орындағы жарықтың «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар» 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес  болу қажет.

—       Жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтың мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;

—       Жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;

—       Түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету  қажет;

—       Жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмау қажет, сондай-ақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.

Жасанды жарықтың есептеу әдістері: 

Светотехникалық есептеу: пайдалану коэффициент, нүктелік және салыстырмалы қуат әдістермен есептеледі.

1.     Нүктелік әдіс  

Бұл әдіс бойынша симметриялы шеңбер сәуле тарату әр жарық шамының жарық ағыны 1000 лм-ге тең деп алады. Бұндай жарық шамының құру жарықтандыруды  шартты деп атайды. Шартты жарықтандырудың шамасы шамның жарық тарату және геометриялық өлшемдеріне байланысты: нүктеден шамның жарық түсіретін жеріне дейінгі проекциясының ( α ) және жарық түсіретін дәрежесінен  шамның орналасу биіктігі ( h ) дейінгі арақашықтығы. Әр шамдағы жарық ағыны келесі формуламен анықталады:

Мұндағы  μ – жойылған шамдардың әрекетін есептейтін коэффициент,             (1,1-1,2) аралығында алынады;

∑Е – бақылау нүктесіндегі жалпы жарықтандыру;

шамның минималды жарықтануы;

қор коэффициенті;

2.     Пайдалану коэффициент әдісі  

η пайдалану коэффициентін анықтауға негізделген. Ол жарықтанатын аспаптың есептелетін бетіне түсетін толық жарықтың қатынасына тең.

Бөлме индексі:

Мұндағы:  А – бөлме ұзындығы;

В- бөлме ені;

h- есепті биіктік

Әр шамның жарық ағыны :

Е –  минималды жарықтандыру;

Кз – қор коэффициенті;

S – жарықтанатын аудан,

Z –жарықтың бірқалыпсыз коэффициенті ( 1,1-1,2);

N –шам саны.

Тапсырма

Нұсқа бойынша өндірістік жұмыс орнының жасанды жарықтандыру рекострукциясын есептеу.

1. Қалыптасқан жарықтандыру тораптары баға беру, жұмыс орнындағы жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеп және оны нормативті шамамен салыстыру қажет.

2. Жарық ағынының пайдалану коэффициент әдісі жарық көзінін керекті санын есептеу. Жарық шамының түрін таңдау.

К е с т е – 1. ВЗГ жарық шамы үшін жарық тарату.

a бұрышына бағытталған  Ia  жарық күші, кд

0

5

15

25

35

45

55

65

75

85

90

180

183

191

195

180

175

160

140

50

8

2,0

К е с т е – 2. Бастапқы мәндер

Нұсқа

39

Бөлме

Малярный цех

Өлшемі

15х20х4

Шам түрі

ВЗГ-100

Шам саны

15

Көру жұмысының разряды

IV, б

          Шағылу коэффициенттері

rпот

30

rст

10

rпол

10

 Есептеу 

Жасанды жарықтандыруды есептеу келесі амалдар арқылы жүзеге асырылады :

  • Жарықтандыру жүйесін таңдау
  • Жарық көзінің түрін таңдау
  • Жарық шамдардың орналасуы
  • Светотехникалық есептеу және жарық беретін қондырғының қуатын анықтау.

Көру жұмысының разряды IV(в), сол себепті қалыпты жағдайдағы жарықтық Eн = 200 лк [Ә.4. кесте 3.12].

Жасанды жарықтандыруды нүтелік әдіспен есептеу.

Жұмыс орнындағы жарықты нүтелік әдістің келесі формуласымен анықтаймыз:

мұндағы  – шамның жарық ағыны;

— шағылу арқылы қосымша жарықтандыруды есептейтін коэффициент, эмальданған шамдар үшін =1,1;

— жалпы жарықтандыру;

— қор коэффициенті (=1,5);

Жарық ағынын анықтамалық мәліметтерден анықтаймыз, ол үшін жарық көзін таңдау керек.

h- аспа биіктігінің есептелетін шамасы, ол келесі формуламен есептеледі:

Һ=Н-(Һср.п)

Һр.п — дене бетіндегі жұмыс биіктігі. Ол 0,8÷1 м аралығында алынады.

Һс — жарық шамының аспа биіктігі. Ол 0÷1,5 м аралығында алынады.

Н=4,5м; Һс=0,8; Һр.п=0,7м

Һрас=4 — (0,8+0,7)= 2,5 м

Жарық шамдарының ара қашықтықтарын табамыз:

l=1,2÷2, LA үшін l=1,6, LBүшін l=2.

Ұзындығына қарай LA=l* Һрас=1,6*2,5 = 4 м;

Еніне қарай LB=l* Һрас=2*2,5= 5 м.

Шам мен қабырға арасындағы ара қашықтық:

Ұзындығына қарай  L1=2 м;

Еніне қарай L2=2,5 м.

Шамдар арасындағы ара қашықтық:

Ұзындығына қарай  LA=4 м;

Еніне қарай LB=5 м.

Бөлмедегі шамдардың орналасу сұлбасына А нүктесін белгіледік. Осы нүкте үшін барлық шамдардың шартты жарықтылық қосындысын анықтаймыз:

ЕАГ  ≥ Енорм шартын тексереміз.

Нүктенің шамдардан ара қашықтығын анықтайыз

Берілген кесте бойынша жарық күшін Ia және  соs3a табамыз:

Ia1=175 кд                cos3α=0,489

Ia2=140 кд                cos3α=0,149

Ia3=50 кд                  cos3α=0,0526

Ia4=140 кд                cos3α=0,103

Ia4=50 кд                  cos3α=0,0597

Ia4=8 кд                    cos3α=0,0295

яғни А нүктесіндегі шартты  жалпы жарықтандырудың мәні 61,28 лк-ке тең.

Ф=1450 лм.

Егер Ег³Ен шарты орындалса, жұмыс орнындағы жарықтандыру жеткілікті болады.Көрінетін жұмыстың разряды Va, Ен=200лк, 85,11<200.

Осы жағдайда шарт орындалған жоқ.Сондықтан, жарықтандырудың қайта құруын жасаймыз.

Жарықтандыруды қайта құру. 

Осы әдіс үшін жарық ағыны:

Е- минималды жарықтандыру;

Кз— қор коэффициенті;Кз=1,5; (Ә. 2, 1.10-кесте)

S-жарық түсетін аудан,м2; S=A*B=15*20=300м2;

Z- жарық бірқалыпсыз коэффициенті;Z=1.1÷1.2;

N- жарық шам саны;

-жарық ағынын пайдалану коэффициенті: оны жұмыс орнының индексі  арқылы табамыз.

һ- жұмыс орны бетінен жарық шамының аспа биіктігі ,м;

А,В- жұмыс орнының ұзындығы мен ені,м.

бұдан, =0,28 тең (Кнорринг.табл.5-6. 131бет ).

Шамның жарық ағынының ауытқуы -10….+20% пайыз аралығында болуы керек. Сол себепті ауытқуды есептейміз:

Ф=23571,42 лм болғандықтан оған жақын мәнді аламыз, ол Ф=24200 лм. Сондықтан ВЗГ-100 шамының орнына Philips фирмасының  HPL COMFORT PRO типті ртутты лампасын қоямыз.

Қорытынды  

Бұл есептеу- графикалық жұмысты есептеу барысында берілген мәндер бойынша жұмыс орнындағы жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеп оны нормативті шамамен салыстырдық.

Жұмысты қорытындылай келгенде, нүктелік әдісі номиналды жарықтандыруды есептеу анализін жүргізуге мүмкіндік береді. Осы әдістің кемшілігі — жарық шамдарының эффективтілігінің төмендігі. Керісінше, жарықтандыруды қайта құру тиімді. Сол себепті ВЗГ-100 шамын Philips фирмасының HPL COMFORT PRO типті ртутты лампасымен алмастырдық. Нүктелік әдіс шамдардың қаншалықты эффективті және экономды пайдалануды,  яғни номиналды қуаттылықты анықтауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1.  Айзенберг Ю.Б. Справочная книга по светотехники.-Москва,-1983.
  2. СНиП РК 2.04-05-2002. Естественное и искусственное освещение. Общие требования. –Астана, 2002.
  3. www.Malimetter.kz сайты
  4. Справочная книга для проектирования электрического освещения. Под редакцией Г.М. Кноринга. Л. 1976г.
  5. Абдимуратов Ж.С., Мананбаева С.Е. Безопасность жизнедеятельности. Медодические указания к выполнению раздела «Расчет производственного освещеня»  Алматы: АИЭС, 2009. -20с.