Мен Смағұлов Нұржан Нұрдаубайұлы 1993 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Әкем Ержанов Нұрдаубай – құрылысшы, анам Ержанова Айжан үй шаруасымен айналысады. Жанұямыз 7 адамнан тұрады. Әкем, анам, 3 апам, ағам және мен. Үлкен апам тұрмысқа шықты.
1999 жылы Ақтөбедегі №36 мектепке 1-ші класқа бардым. 5-ші класта №51 гимназияға ауыстым. Мектепті жақсы деген бағамен бітірдім. Апайымның есімі – Тоты апай. Маған ҰБТ-дан жақсы өтуіме зор ықпалы болды. ҰБТ-дан 112 балл алып, АЭжБУ атты жоғары оқу орнына түстім. Қазіргі кезде сол оқу орнында оқып жатырмын. №1 жатақханада тұрып жатырмын.