Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде ауыл жасөспірімдерімен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын басты талаптарының бірі — өнегелі бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрине қазіргі кезде жасөспірімнің өнегелік қасиетінің қалыптасуына, оның өзін-өзі танып білуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі басым көпшілігі шағын комплектілі мектептерде, оның ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Себебі қазақ мектебі — ауыл мектебі — бұл мемлекетіміздің болашағы. Көптеген ел басқарған азаматтар, зиялы қауым өкілдері осы ауыл мектептерінің тәрбиесін көріп өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасқан.
Әрине қазіргі кездегі ауылдық жерлерде қалыптасқан кейбір келеңсіз жағдайлар тәрбие мәселесіне де өзінің кері әсерін тигіуде. Мысалы, көпшілік ауылдарда мәдениет ошақтары: клубтар, кітапханалар, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері — балабақшалар жабылған. Оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарында баратын жерлер жоқтың қасы. Бұл жағдайда ауылдық жерлердегі жасөспірімдер арасындағы ұлттық қасиеттердің төмендеуі, мәдениеттен алыстауы, бұзақылықтың көбеюіне жасөспірімдердің басқа да бұрын ауылда болмаған келеңсіз жағдайларға ұрынуына әсер етпей қоймайды. Осы себепті бұл мекемелердің жұмысын қалпына келтіру, жандандыру мәселесі қолға алынуы керек деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында білім беру саласындағы мәселелерді ерекше қарастырады. Жолдаудағы төртінші басымдық осы мәселені қамтиды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде:«Жалпы білім беру мекемелері— мектепті 12 жылдыққа көшірудің неізінде еліміздің ертеңгі болашағы – жас жеткіншектерді сапалы білім, саналы тәрбие беру көзделген. Жолдауда халқымыздың асыл қазыналарын жас ұрпаққа түсіндіріп, олардың қазіргі кезде құнды екендігін түсіндіру арқылы олардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері сөз болады. Бұл арқылы біз дамыған елу мемлекеттің құрамына кіруді жоспарлап отырған Қазақстанның намысын қолдан бермейтін, жоғары парасатты, асыл қазынамызды ұрпақтан ұрпаққа жоғалтпай жеткізетін ұлы тұлғаларды тәрбиелей аламыз», — деп ой қорытады.
Еліміздің Бірінші Ханымының жасөспірімдердің өнегелі қасиеттерін қалыптастыруға деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлуі педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз.
Рас, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі мектептің күн, тәртібінен ешқашен түскен емес, бірақ білім жүйесіндегі зымырандай жылжыған уақыт талабы мен мұғалімдердің шамадан тыс жүктемелері әр баланың іс-әрекетіне шығармашылықпен үңіліп,жеткілікті көңіл бөлуіне мойын бұрғызбай келеді. Өнегелілік қасиеттер үлкен мен баланың арасындағы шынайы қарым-қатынаста беріледі.
Көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке үзбей жеткізу тек шебер әлеуметтік педагогтың ғана қолынан келеді.