Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру курстық жұмыс

Мазмұны.

Кіріспе…… 3

I. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері.
1.1 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары … 6
1.2 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру ……. 14

II. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру.
2.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі………. 22
2.2 Ойын жүргізу барысында оқушылардың білімін жандандыру………….. 28

III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қзақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңару, барлық салаға ацтарлықтай өзгерістер енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев  халыққа жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша Қабілетті 50  елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау-   жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсатыда тұр. Бұл жағдайда педагогика  ғылымының алдында қоғам санасының  аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері тұр.

Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсатыболуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның  жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі көтеріп отырған.Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжіриебесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Ғылыми білім берудің негізгі  бағыты –адамды  қоғамның ең маңызды  құндылығы ретінде тану , оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің  жоғары деңгейде  қалыптасуына толық мүмкіндік беру., жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік  стандарттарында өскелең ұрпақтың  дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының  айқын бағыттары көрсетілген. Себебі ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы.

Адам дамуының дүниетанымының мәні мен маңызын  ашуда әсіресе Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Қ.А..Яссауидің , Абайдың және тағыда басқа ойшылдарымыздың  көзқарастары анықталып, Дүниетанудың өмір, табиғат заңдылықтарының  алатын орны ерекше екендігі көрсетілді.

Дүниетанымның тұжырымдамасы, оның философиялық  тұрғыда  қалыптасу деңгейлері  мен сипаты А. Спиркин, М.Федосов, В.Н. Лавренко, В.Ратникова, Ә.Н. Нысанбаев, М. ОРынбеков, Л.Кішібеков, Ж. Әбілдин,Ә.Тұрғынбаев тағыда басқа ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған. Әсіресе Д.Кішікбаев тың халқымыздың ұлттық дүниетанымының сипатын, оның жас буынға ықпалы тұралы  философиялық ойларының маңызы зор.

Тұлға дүниетанымының теориялық , интелектуалдық , практикалық  сипстын ашумен психологтар  С. Л. Рубинштейн, Л.Н. Божович, Р.С. Немов, Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Қ. Жарқұлов , Ж. И. Намазбаев, Қ.Шерниязданова т.б. шұғылданып , өз еңбектерінде  ғылыми-теориялық  және әдістемелік жағынан айқындайды.

Қазақстандық ғалымдар  өз ой- пікірлерін,  ғылыми негіздерін жасап құнды мұра қалдырған  Қ. Аймауытов, Б.Баймұратов, А.Меңжанов, Н. Храпчинкова,  М. Тұрсынкидина, м. Сәлімбекова, Х.Шерезденова, А. Бакрединова өздерінің зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейіңгі балалардың дүниетанымын дамытұға үлкен көңіл бөлген.

Жек тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың  ғылыми дүниетанымының қалыптасуы  теориялық және тәжірибелік трғыдан көкейкесті мәселеге айналуда. Сол себепті  тақырыбымызды «Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру» деп таңдауымызға  негіз болды.

Зерттеу  мақсаты: Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын , қызығушылығын арттырып , адамгершілікке , жауапкершілікке тәрбиелеп оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеті:

-«Дүниетаным» ұғымының мәнін ашу.

-Жек тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздерін айқындау.

Зерттеудің нысаны: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру қурылымының ерекшелігі..

Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Егер пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастыру мен шектелмей сыныптан тыс жұмыстарда еңбек әрекет үлгілеу, құрастыру және жасампаздық сатылары мен ұйымдастырса, онда бастапқы техникалық ғылыми дүниетанымды қалыптастыру нәтижелі және тиімді болады, өйткені сабақтармен қатар сыныптан тыс жұмыстар  оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,әңгіме, тестер жүргізу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу.

Зерттеу базасы:: Тұрар Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебі .

Зерттеудің құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні,болжамы, зерттеу әдістері, зерттеу базасы тұжырымдалады.

 Курстық жұмыс / 38 бет