БСО лексикалық қолданыстарды реттеу мәселесі осы мақсатпен сабақтасып жатқан тағы бір зәруліктерді туындатады. Ол — оқулық мәтіндеріндегі кейбір келеңсіз құбылыстарды реттестіру мәселесі. Қарастырған мектеп оқулықтарындағы осы оқулықтардың біразы соңғы жылдары түзетілгенімен, бірқатары әлі де бір тиянақты шешім таппай келеді. 50 жылдардағы БСО тілдік норманың бұзылуына әкеліп соғатын мұндай құбылыстардың реттестірілуі зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болмағанымен, лексикалық жүйенің сұрыпталып, оқулықтар тілінде қолданылуында статистикалық нәтижелердің ескерілуін негіздеуге тырыстық.Оқулықтардағы бұл секілді ерекшеліктерді дублет сөздер мен кейбір кірме сөздердің қолданылуынан, кейбір тілдік терминдердің қолданылу өрісі мен омонимдердің аз қолданылуынан айқын аңғардық. Енді осы ерешеліктерді жеке — жеке топтастырсақ, мына мәселелердің әлі күнге өз шешімен таба қоймағандығын көреміз:
- БСО дублет сөздердің қолданылуы;
- Кірме сөздердің қолданылуы;
- Лингвистикалық терминдердің қолданылуы;
- Үндестік заңының бұзылуы;
Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді байытып ұстарта білу үлкен өнер. Ал тіл мәдениетінің мәртебесін айқындайтын көрсеткіштің бірі — жазудағы бірізділік. Осы талаптар тұрғысынан алғанда, халықты тіл мәдениетіне үйрететін баспасөзге, ғылыми көпшілік әдебиет пен оқулықтарға аса маңызды міндеттер жүктеледі. Қазіргі қазақ тілін нормаландыру үрдісі әдеби тілдің жергілікті тіл ерешеліктерімен толығып жатқан халықтың сөйлеу мтіліне кеңінен ықпал етуі бағытында жүргізіледі. (48,171-186) Демек, сөз қолданыстарды нормаға сай реттеу — бұл фактілерін белгілі бір жүйеге, ғылыми-практикалық жағынан бірізділікке әкелу, қажеті материал ретінде ойды білдірудің ең тиімді формаларын қалыптастыру болып табылады. Бұл зәрулікті шешудің БСО мәтіндерінде кездесетін дублет сөздердің әдеби тіл нормасына сай тек біреуін ғана қолдануды нақтылы шешу және үлгі ретінде ұсынумен байланысты біздің зерттеу жұмысымызға да қатыс бар. Ә.Ахабаевтың айтуы бойынша дублет сөздер формаларының қайсысы негізгі, нормаға лайық деген мәселені анықтау өте қиын, өйткені іс жүзінде, практикада қолданылуы бірдей дәрежедегі сөздердің варианттары кездеседі де тілдік норма ретінде олардың қай вариантын қолдану керектігін анықтауға қажетті бақылау критерийін табу қиын. 50 ж. БСО мәтіндеріндегі дублет сөздердің статистикалық сипаттамасын анықтау барысында бізге де бұл проблема кездесті. Бұл мәселені шешуде әдеби шығармашылық жұмыстардың озық үлгілерін кеңінен тарату ерекше маңызға ие, өйткені жаушылық шеберлік, жазушылар мен публицистердің тілі халықтың ғасырлар бойы жасаған тілдік үлгілерінің сақтаушысы ғана емес, сонымен қатар оның таратушысы да. Уақыт өте, көптеген сөздер өздерінің семантикалық бояуын әлсіретсе, ал енді біреулері жаңа мағынаға ие болады. Бұл біз қарастырып отырған БСО мәтіндеріне де тән. 50 жылдардың баспасөз оқулықтарындағы айрықша назар аударалық нәрсе — ауызша және жазба тіліміздегі дублет сөздер, олардың фонетикалық, лексикалық және грамматикалық варианттары. Бұл варианттардың біреуін ғана әдеби тіл нормасы ретінде таңдап, қабылдауымыз қажет. Әсіресе орфографиялық сөздіктер арқылы бұларды реттеуге болады. Көптеген сөздер екі-үш вариантта айтылып, солай жазылып жүр. Бұлардың ішінде екі ұштылары да жоқ емес. Мысалы, аталмыш оқулықгарда кездесетін жиылыс- жиналыс, әтеш-қораз, сұрау-сұрақ сөздерінің қай сыңары да әдебиетімізде жиі қолданылады.
Профессор М.Балақаев тіл мәдениетінің маңызын айқындай келе «тілдік икемділік қасиетін жойып, сірідей сірестіріп қоюды көздемейміз, тілдің икемділік қасиетін арттыруды көздейміз. Тіл материалдары сұрыпталып, бүкіл халыққа түсінікті әрі ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға болады» деген болатын (50,28). Ал филология ғылымының докторы С.Мырзабектің айтуы бойынша » тіл мәдениеті сөздердің жазылуында бірізділіктің болуын қалайды. Мақсат арна»:ы сөздіктерді басшылыққа алғанда ғана орындалады. Әзір ? жазуда бірізділіктік жетпей жатса, ол — сөздікке ақ түсті әраудың пәтижесі» (51,13). Зерттеулер кғ :еткендей, жиілік сипаттамасын -сөздердің өзімен дублет болатын сыңарымен салыстырғандағы фон тикал1 -іқ, морфологиялық және лексикалық жағынан Засымд : !ның көрсеткіші болып табылады.