Ойын-сауық орталықтарын басқару курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………3

Негізгі бөлім……4
І. Қонақ үй қызметіне сипаттама…………4
1.1. Қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар…….4
1.2. Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу мен қонақ үй типологиясы…..6
1.3. Қонақ үй қызметінің құрылымы және оларға сипаттама…….11

ІІ. «Marco Polo» қонақ үй қызметінің құрылымы мен ерекшеліктері…..20
2.1. «Marco Polo» қонақ үй қызметінің ерекшеліктері………..20
2.2. «Marco Polo» қонақ үй қызметінің құрылымы………21

ІІІ. Қонақ үй қызметі құрылымын жетілдіру және қызмет көрсету сапасын басқару……….25

Қорытынды………28
Қолданылған әдебиеттер тізімі……….29
Қосымшалар…………..30

Кіріспе

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елсетейді.

Кез келген туристің саяхаты қонақ үймен міндетті түрде тікелей байланыста болады. Сондықтан туризмде қонақ үйдің алатын орны ерекше.

Қонақ үй – ол  ең біріншіден орналастыру орны. Қазіргі таңда туристерді орналастыру орындары бірнеше классификацияға жіктеледі.

Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақ үй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы — бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жүйесі және туризм экономикасында маңызды құралы.

Семестрлік жұмысымның тақырыбы «Қонақ үй қызметінің құрылымы». Семестрлік жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қонақ үй қызметіне сипаттама», бұл бөлімде қонақ үй қызметі саласындағы басты  түсініктер мен анықтамалар, конақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу мен қонақ үй типологиясы және қонақ үй қызметінің құрылымы және оларға сипаттама деген тақырыптарға тоқтадым.

Екінші бөлім аты «Marco Polo қонақ үй қызметінің құрылымы мен ерекшеліктері». Бұл бөлімде мен тәжірибе барысында жинақтаған ақпараттар барынша баяндалған.

Үшінші бөлім «Қонақ үй қызметі құрылымын жетілдіру және қызмет көрсету сапасын басқару» деп аталады. Бұл бөлімде қонақ үй қызметін, сондай-ақ оның құрылымын жетілдіру, қызмет сапасы мен деңгейін жоғарылату мәселелері қарастырылған.

Семестрлік жұмыстың басты мақсаты «Қонақ үй қызметінің құрылымы» деген тақырыпты толығымен ашу болып табылады. Сондай-ақ, қонақ үй қызметі құрылымына жалпы сипаттама беріп кету, әрі оның қазіргі нарықтық экономикадағы алатын орнын анықтау, маңызын айқындау. Қонақ үйде алған  тәжірибе негізінде, осы  тақырыптың өзектілігін дәлелдеу.

Семестрлік жұмыстың міндеттері мақсатқа сәйкес анықталды. Олар: қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар жазып көосету, қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу мен қонақ үй типологиясын айқындау, қонақ үй қызметінің құрылымына сипаттама беріп кету, «Marco Polo» қонақ үй қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін баяндау, қонақ үй қызметі құрылымын жетілдіру мәселелерін қарастыру.

курстық жұмыс / 36 бет